ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда айыппұл төлеуден жалтарып жүрген көлік ие...

Алматыда айыппұл төлеуден жалтарып жүрген көлік иелері анықталуда

Заң мен тəртіп 12.08.2022, 08:46 1,189
Алматыда айыппұл төлеуден жалтарып жүрген көлік иелері анықталуда
Сурет: Polisia.kz
Арыстанғани Заппаров: “Жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың әрбір дерегі мұқият тексерілетін болады”

Арыстанғани Заппаров: “Жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың әрбір дерегі мұқият тексерілетін болады”


Алматының бас полицейі жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың әрбір дерегі мұқият тексерілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” автоматтандырылған жүйесінің жұмысымен танысты.



"Күніне 800 мыңнан астам көлік жүретін ірі шаһар жағдайында бұл жүйе өзінің тиімділігін көрсетті. Ол жалған нөмірлерді пайдаланатын жүргізушілерді, жарыс ұйымдастырып, агрессивті жүргізуге жол бергендерді анықтауға, сондай-ақ, абайсызда қайғылы оқиғаға әкелетін, жол қозғалысы ережелерін елемейтін жол қозғалысына қатысушыларды анықтауға бағытталған. Жалған нөмір, әдетте, бейнебақылау жүйелерін “айналып өту” үшін және қылмыс жасағанда қолданылады. Біздің міндетіміз – мұндай деректердің алдын алу және осы сұмдық тәжірибені жою. Полицияның алдыңғы шептегі бөлімшелері мен ақпараттық технологиялар мұндай құқық бұзушылықтарды анықтауға барынша жұмылдырылды", – деді Арыстанғани Заппаров.



Алматы полициясы басшысының айтуынша, тек осы айдың басынан бері қала жолдарында көлік құралын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен басқарудың 218 дерегі, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ көлік құралын басқарудың тағы 773 дерегі анықталған. Сонымен қатар, осы айдың басынан бері 4 егіз көлік ұсталды.



"Сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзып, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген көліктерді ұстау жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта ірі көлемдегі әкімшілік айыппұлдары бар көліктердің тізімін жасадық. Мәселен, кеше И. есімді азаматтың басқаруында болған ВАЗ-21114 автокөлігі ұсталды, оның 2,4 млн теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар. Осы айдың басынан бері жалпы қарызы 11 миллион теңгеден асатын 9 көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды", – деп толықтырды Арыстанғани Заппаров.



“Қорғау – Қауіпті жүргізуші” жүйесі енгізілгеннен бері барлығы 38 824 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жылдамдықты шектен асырған 33 126 жүргізуші, көлікті техникалық байқаусыз басқарудың 2 349 дерегі, 2 322 көлікті сақтандыру полисінсіз жүргізу, 83-і бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің рөлге отырған дерегі. Жүргізілген алдын алу іс-шараларының нәтижесінде, 1128 автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды, 485 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері тәркіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.