ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда «Айтыс» және «Күй тартыс» өтеді

Алматыда «Айтыс» және «Күй тартыс» өтеді

Мәдениет 06.06.2023, 15:29 1,722
Алматыда «Айтыс» және «Күй тартыс» өтеді
Сурет: Api.edu.kz
Жоба мақсаты - ұлы домбырашы, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының мұрасын дәріптеу және Ұлы даланың Ұлы есімдерінің заманауи галереясын қалыптастыру.

Жоба мақсаты - ұлы домбырашы, композитор Құрманғазы Сағырбайұлының мұрасын дәріптеу және Ұлы даланың Ұлы есімдерінің заманауи галереясын қалыптастыру.


Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Open air: Құрманғазы» жобасын өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жоба аясында 7-8 маусым күндері ашық аспан астында «Айтыс» және «Күй тартыс» іс-шаралары өтеді.


Жоба қатысушылары - шығармашылық ЖОО-ның жастары, оның ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының жастары, сондай-ақ дәстүрлі музыка әуесқойлары.


Республикалық және халықаралық конкурсқа қатысқан орындаушылар өз өнерлерін ортаға салады.


Айтыс – ауыз әдебиетінде ертеден қалыптасқан поэтикалық жанр, ақындар айтысы, ауызша жыр поэзиясының бір түрі.


Айтыс 4 бағытта өтеді: «Қыз бен жігіт айтысы», «Қалжың айтыс», «Шоу айтыс», «Жұмбақ айтыс».                      


Күй тартыс – күйшілердің өзара музыкалық тілдесуі, заманауи тілмен айтқанда, үш түрлі форматтағы баттл:                           



  • қазақ-қырғыз күй тартысы;

  • жұптық күй тартыс;

  • топтық күй тартыс.


Күні, уақыты, өтетін орны:



  1. Айтыс – 7 маусым сағ.15:00, «Mega Park» ойын-сауық орталығы, амфитеатр, Сейфуллин даңғылы, 483.

  2. Күй тартыс – 8 маусым сағ.15:00, «Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерватория» алаңы, Абылай хан даңғылы, 88.


«Open air: Құрманғазы» іс-шаралары көрермендер үшін тегін.


Байланыс:


+7 747 463 0125


+7 777 135 5561


oztandauyn@gmail.com

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.