Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда АИТВ эпидемиясын бақылау бойынша жоба жүз...

Алматыда АИТВ эпидемиясын бақылау бойынша жоба жүзеге асырылуда

Әлеумет 24.11.2022, 05:39 1,108
Алматыда АИТВ эпидемиясын бақылау бойынша жоба жүзеге асырылуда
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Жоба екі жылдан бері жүзеге асырылып келеді.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінің барысында АИТВ эпидемиясын бақылау бойынша алматылық моделі жобасының директоры, Колумбия университеті жанындағы ICAP Мира Сауранбаева айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Аталған жоба АИТВ-мен күрес жөніндегі «Қалалар-модельдер» RADIAN Элтон Джон қорының ауқымды бастамасының аясындағы алғашқы жоба болып отыр. Оның мақсаты – қаланың барлық тұрғындарына стигматизациясыз және кемсітусіз АИТВ-инфекциясының тиімді алдын алу, тестілеу және емдеуге кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тұрақты, кешенді және тиімді қалалық бағдарлама құру», - деді М.Сауранбаева.



Жоба қала әкімдігімен, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді.


Жоба аясында заманға сай ақпараттық технологиялар мен құпиялық сақтаудың принциптерін қолдана отырып,  АИТВ-ға тестілеуге тапсырыс берудің онлайн заманауи әдіс-тәсілдері жүзеге асырылуда. Патронажды мейірбике күтімі моделі де іске асырылуда. Оның мақсаты - антиретровирустық терапия алатын АИТВ-мен өмір сүретін егде жастағы адамдарды емдеу нәтижелерін жақсарту.



 «2021 жылдан бастап қалада тек Қазақстанда ғана емес, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірлерінде байланысқа дейінгі алдын алу бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Үйрету турларының аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері мен ҮЕҰ Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Ресейден және Қазақстанның басқа аймақтарынан келген әріптестерімен өзара әрекеттесу тәжірибесімен бөлісті», - деп жалғастырды ӨКҚ брифингіне қатысушы.



Жобада әртүрлі цифрлық технологиялар белсенді түрде қолданылады: байланысқа дейінгі алдын алуда дәрі-дәрмек алу үшін дәрігерге бару туралы автоматты SMS ескертулер, серіктестер хабарламаларының баламалы түрлері, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде ақпараттандыру кеңінен қолданылады. «Пациент мектебі» Telegram боты» әзірленді, онда емделушілер дәрігерге, психологқа, кеңес берушіге сұрақтар қойып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға арналған өзара  көмек көрсету тобының онлайн чатына қосыла алады. Жоба жүзеге асырылған екі жыл ішінде қоғамдық ұйымдардың күшімен халықтың негізгі топтарының 6 мыңнан астам өкілі түрлі профилактикалық, әлеуметтік және құқықтық қызметтермен қамтылды.


Алматы моделінің тәжірибесі Канаданың Монреаль қаласында өткен ЖИТС бойынша 24-ші Халықаралық конференциясында және Испанияның Севилья қаласында «FAST-TRACK CTIES 2022: ЖИТС эпидемиясының аяқталуы жолында» конференциясында таныстырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АИТВ #Алматы #эпидемия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.