AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Айтқали Исенғұловтың 80 жылдық мерейтойы...

Алматыда Айтқали Исенғұловтың 80 жылдық мерейтойы атап өтілді

Әлеумет 25.12.2023, 10:27 1,290
Алматыда Айтқали Исенғұловтың 80 жылдық мерейтойы атап өтілді
Сурет: Gov.kz





Туған күн иесін айтулы күнімен құттықтау салтанатты шарасы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында өтті.


Оған Қарулы Күштердің ардагерлері, Алматы өңірлік гарнизонының құрамалары мен әскери бөлімдерінің командирлері, әскери оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, курсанттары мен тәрбиеленушілері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Қорғаныс ведомствосы басшысының атынан мерейтой иесін оның орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов құттықтады. Ол Айтқали Исенғұловтың жауынгерлік дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын сақтаудағы рөлін атап өтті.



«Сіз еліміздің Қарулы күштеріндегі тәрбие құрылымының негізін қалауға атсалыстыңыз. Сіздің басшылығыңызбен әскери тәртіпті сақтау жөнінде елеулі жұмыстар жүргізілді, Қарулы күштердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс органдарының институты құрылды, "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заң әзірленді. Сізді білікті азамат, өз ісінің кәсіби маманы және нағыз генерал ретінде білеміз. Жауапты лауазымдарды атқара отырып, өзіңізді сауатты және білікті басшы ретінде көрсеттіңіз, сөзбен де, іспен де кез келген күрделі әрі жауапты тапсырманы атқара алатыныңызды дәлелдедіңіз», – деп атап өтті ол.



Генерал-майор Айтқали Исенғұлов әскер қатарында мерзімді қызметтегі сарбаздан бастап генералға дейінгі мансаптық сатылардан өтті. "Құрмет белгісі", "Қызыл жұлдыз" ордендерімен марапатталған. Ол тәуелсіз Қазақстан Қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін "Құрмет" орденімен және көптеген медальдармен марапатталды. Зейнетте болса да, ол қоғамдық өмірге және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге белсене араласып жүр. Қарулы күштер ардагерлері орталық кеңесі бастығының орынбасары отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов ардагердің тәуелсіз Қазақстанның әскері мен тәрбие құрылымының қалыптасуына қосқан үлесін атап өтті.


Ардагермен кездесуге шақырылған қонақтар оның өмір жолы жайлы бейнероликті және экспозициялық материалдарды көрді. Іс-шара оның құрметіне арналған концертпен аяқталды.

























Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айтқали Исенғұлов #Мерейтой #қорғаныс саласы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);