AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Ахмет Жұбановтың туғанына 117 жыл толуына...

Алматыда Ахмет Жұбановтың туғанына 117 жыл толуына арналған кеш өтті

Мәдениет 04.05.2023, 14:29 1,738 Almaty-akshamy
Алматыда Ахмет Жұбановтың туғанына 117 жыл толуына арналған кеш өтті
Сурет: Ашық дереккөз

Шараға композитордың ұрпақтары мен өнер қайраткерлері қатысты


Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейі Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрімен бірігіп, Қазақ КСР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, композитор, дирижер Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 117 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Шара аясында қазақ музыка өнерінің көшін алға сүйреген бірегей тұлғаға арналған көрме ұйымдастырылып, өмірлік, шығармашылық және ғылыми-педагогикалық жолын баяндайтын құнды жәдігерлер қойылды. Олар өнер қайраткерінің ғылыми еңбектері, қолжазба партитуралары, марапаттары, жеке құжаттары мен домбырасы, фрак және дирижерлық таяқшасы сынды экспонаттар.



Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі директорының орынбасары Саров Сержан Бараханұлы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Қуанышев Медет Ермекқалиұлы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Далденбай Бейбіт Әбілұлы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, PhD докторы Бердібай Айжан Рахманқұловалар құттықтау сөз сөйледі.


Концерттік бағдарламада Құрманғазының, Ахмет Жұбановтың, Ғазиза Жұбанованың, Мұрат Сыдықовтың, Қуаныш Нүкішевтің шығармалары және қазақ халық әндері орындалды.



Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық өнер кафедрасының студенттері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Аружан Алпысбаева мен Шыңғыс Нұрғалиұлының өнері де көпшілікті сүйсінтті.


Шараға композитордың туыстары, ұрпақтары мен өнер қайраткерлері қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ахмет Жұбанов #кеш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);