AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнал...

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді

Әлеумет 15.09.2022, 16:00 1,382 Almaty-akshamy
Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді


«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы»  ғылыми-практикалық халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2022 жылғы 4 қарашада Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Алматы қаласы музейлер бірлестігі М. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтымен бірлесе отырып мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ағартушы А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТ ҰСТАЗЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.


Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
• Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы және ұлттық құндылықтар
• Ахмет Байтұрсынұлы және гуманитарлық ғылымдар: өткені мен бүгіні
• Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық жазудың өзекті мәселелері
Ұйымдастырушы: «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі.



«Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын. Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: көлемі 5-6 бет, редакторы – WORD, 14 шрифт. Мәтіндер TIMES NEW ROMAN  қарпімен жазылады. Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін орысша, ағылшынша, орыс және басқа тілдердегі мәтін үшін қазақша, ағылшынша түйіндеме (резюме) беріледі. Түйіндемеден кейін автор туралы мәлімет (қызмет орны, ғылыми атақ-дәрежесі, мекенжайы, байланыс телефоны) келтіріледі», - делінген хабарламада.



Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші (қатысушы) тарапынан. Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзінде қалдырады.



«Мақала 2022 жылдың 22 қазанына дейін қабылданады. Баяндаманы жинақта жариялау тегін. Конференцияға қатысушыларға электрондық нұсқасы беріледі. Мақалаларды a.baitursunuly150@gmail.com поштасына жіберу қажет. Жауаптылар: Имаханбет Р.С., 87013296402, Каримхан З.Т., 87012858026, Рахметуллин Е.Е., 8 7029457362, БАҚ өкілдері үшін: 87074446606», - делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ахмет Байтұрсынұлы #конференция #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);