AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылады

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылады

Оқиға 13.07.2022, 14:24 1,345
Алматыда Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылады
сурет: Ақорда

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті


ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен қазақ ағартушысы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.


Жиында жыл басынан бері мерейтойды өткізу аясында бірқатар маңызды ғылыми-зерттеу, ағартушылық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілгені атап өтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға бағытталған халықаралық, республикалық, өңірлік іс-шараларды жыл соңына дейін жоғары деңгейде өткізу қажеттігін атап өтті. Алматыда ғалымға ескерткіш орнату жоспарланған. Оның 12 томдық толық шығармалар жинағы басылымға дайындалып жатыр. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде және ТҮРКСОЙ аясында іс-шаралар өткізу көзделген. ТҮРКСОЙ ұйымы жыл сайын көрнекті түркітанушы ғалымдарға берілетін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі тағайындау туралы шешім қабылдады.


Отырыста Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.


Aғартушының Қостанай облысындағы туған жерінде ғылыми-реставрация жұмыстары ұйымдастырылып қана қоймай, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатқанын ерекше айту керек.


Комиссия отырысын қорытындылай келе, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралардың сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байтұрсынұлы #150 жылдық #Мерейтой #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);