ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақ абатта...

Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақ абаттандырылмақ

Алматы 30.07.2025, 18:19 583
Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақ абаттандырылмақ
Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі қалалық ортаны абаттандыруға әлеуметтік жауапты бизнесті тарту бағытында жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Жоба аясында «Целинный» заманауи мәдениет орталығының жанындағы Ахмет...

Алматы әкімдігі қалалық ортаны абаттандыруға әлеуметтік жауапты бизнесті тарту бағытында жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Жоба аясында «Целинный» заманауи мәдениет орталығының жанындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы скверді жаңарту жұмыстары басталады.

Бастамаға «АТЦ-Галерея» ЖШС-гі қолдау білдіріп, барлық жұмысты өз қаражаты есебінен қаржыландырады.

Абаттандыру жұмыстары заманауи және табиғатқа зиян келтірмейтін экологиялық әдістер арқылы жүргізіледі. Барынша табиғи ландшафт пен қолданыстағы жасыл желек сақталып, аумақ көгалдандырылады. Жайлы жаяу жүргіншілер жолдары салынып, шағын сәулет пішіндері мен заманауи энергия үнемдейтін жарықтандыру жүйесі орнатылады. Сондай-ақ, демалысқа арналған жайлы аймақтар ұйымдастырылып, суды үнемдеп пайдалануды интеллектуалды түрде бақылайтын автоматты суару жүйесі қосылады.

А.Байтұрсынұлы атындағы скверді абаттандыру жобасы оның тарихи маңызын сақтай отырып, таза ауада серуендеп, тынығып, емін-еркін жүздесуге жайлы орта қалыптастыруды мақсат етеді.

Жоба жүзеге асқаннан кейін аумақтың экологиялық жағдайы жақсарады: шудың және жылу жүктемесінің деңгейі төмендеп, ауа сапасы артады, табиғи тепе-теңдік сақталады. Алматы қаласының әкімдігі қоғамдық кеңістіктерді дамытуды жалғастыра отырып, тұрғындар үшін жайлы ортасын құруға жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,265 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.