AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда “Абайдың” биыл шыққан 155 кітабының тұсау...

Алматыда “Абайдың” биыл шыққан 155 кітабының тұсауы кесілді

Әлеумет 15.11.2024, 17:46 1,282
Алматыда “Абайдың” биыл шыққан 155 кітабының тұсауы кесілді
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Былтыр «Абай» баспасынан шыққан 35 кітаптың тұсаукесері өткенде баспа ұжымының «алдағы 2024 жылы қазақтың көркем әдебиет туындыларын 100 томдыққа жеткіземіз» деген уәдесі бар еді. Биыл баспа сол уәде үдесінен шығып, 100 емес, 155 кітап басып шығарды. 

Баспадан қазақ әдебиетінің классик ақын-жазушыларының шығармаларынан жасақталған бірегей туындылармен қатар, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалар да жарық көрген. Баспа тек қана көркем әдебиет саласында ғана емес, ғылымға да көңіл бөле отырып, оңайлықпен қолға түсе бермейтін, іздегенге таптырмас академиялық зерттеу еңбектерімен толыға түскен.
Сондай-ақ көркем әдеби кітаптардан бөлек, биыл баспадан діни-рухани бағыттағы, тарих саласындағы, салт-дәстүр, ауыз әдебиетінің жауһарлары жарық көріп отыр. Олар: «Ұлы тарих және Ұлы әулиелер», «Ұлы дала тарихы», «Тараз — өркениеттер өрімдерінің куәгері», «Қарахан баба мен Айша бибі», «Алтыбармақ», «Тұрмыс салт жырлары», «Батырлық жыр дастандар», «Лиро-эпостық жырлар», «Тұрмыс салт ертегілері», «Аңыз-әңгімелер», «Қиял-ғажайып ертегілер», «Ауыз әдебиетінің шағын түрлері», «Хайуанаттар туралы ертегілер» және тағы басқалар.

 

— «Абай» баспасынан жарық көрген көркем әдебиет кітаптарының көшін Дулат Бабатайұлы, Хәкім Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бастап, Мұхтар Әуезов, Алашорда қайраткерлерінің шығармалары мен Кеңес Одағы заманының әйгілі қаламгерлері жалғастырып отыр. Сонымен қатар, баспа оқырманның сөресін Тәуелсіз Қазақстанның көрнекті жазушылары мен белгілі жас авторлардың шығармаларымен толықтырды. 155 кітап та әлемдік сұранысқа сай, заманауи үлгіде, бояуы қанық дизайнда жарық көрді. Олар қалың оқырман талғамынан шығып, кітапсүйер қауымды қуантады деп сенеміз, — деді белгілі қаламгер, “Абай” баспасының директоры Ақберен Елгезек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #баспа #кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);