AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Абай күніне арналған викторина өтті

Алматыда Абай күніне арналған викторина өтті

Алматы 10.08.2026, 15:14 341
Алматыда Абай күніне арналған викторина өтті
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Қатысушылар Абайдың «Қара сөздерінің» бүгінгі қоғамдағы маңызын талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Абай күніне арналған «Нұрлы ақыл – Разум и знания» викторинасының «ABAI LIVE: 45 СӨЗ – 45 ОЙ» тақырыбындағы іс-шарасы өтті.

«Толық адам» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылған кездесу жастарды ұлы ойшылдың әдеби, философиялық және музыкалық мұрасын зерделеуге біріктірді. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Заманауи интерактивті форматта өткен іс-шара барысында қатысушылар Абайдың шығармашылығы мен философиясына арналған зияткерлік викторинаға қатысып, «Қара сөздерінің» бүгінгі қоғамдағы маңызын талқылады. Сонымен қатар жастар Абайға арнаған авторлық хаттарын оқып, шығармашылық қойылымдар ұсынып, ақынның музыкалық шығармаларын орындады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Абай мен ХХІ ғасыр жастары арасында символикалық диалог қалыптастырып, оның әдеби, философиялық және музыкалық мұрасын қазіргі заман тұрғысынан пайымдауға мүмкіндік беру. Қатысушылар Абайдың 45 қара сөзі негізінде білім мен еңбек, әділет пен жауапкершілік, Отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік құндылықтар мен тұлғалық даму тақырыптарын талқылады.

«ABAI LIVE: 45 СӨЗ – 45 ОЙ» жастардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттырып, рухани мұраны заманауи форматта танытуға және ашық пікір алмасуға мүмкіндік берген шығармашылық алаңға айналды.

Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы мен «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қоры Медеу ауданының Жастар Community Center-імен бірлесіп ұйымдастырды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #Абай өлеңдері #Абайды дәріптеу #Абай күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);