ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 99 жастағы ардагерге құрмет көрсетілді

Алматыда 99 жастағы ардагерге құрмет көрсетілді

Әлеумет 14.03.2025, 15:54 717
Алматыда 99 жастағы ардагерге құрмет көрсетілді
almaty-akshamy.kz
Алматыда Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Дарбала Жабатаева 80 жылдық Жеңіс мерекесін қарсы алып отыр. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Алматыда Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Дарбала Жабатаева 80 жылдық Жеңіс мерекесін қарсы алып отыр. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Дарбала Әміржанқызы Жабатаева 1926 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Соғыс басталғанда жасөспірім қыз тылда еңбек етіп, 1943 жылы өз еркімен майданға аттанған. Ол 161-атқыштар полкінің құрамында радист болып қызмет атқарып, Польшаның портты қалаларын азат етуге қатысқан. Жауынгерлік жолында контузия алғанына қарамастан, қайтадан майданға оралған. Жеңісті Балтық теңізінің оңтүстігіндегі Померанияда қарсы алып, 1946 жылы бейбіт өмірге оралды.

Соғыстан кейін туған жері Қостанайға қайтып, түрлі жауапты қызметтер атқарды. 1951 жылы Алматыға келіп, Жоғарғы партия мектебінде білім алды. Кейін Алматы қалалық кеңесінің бес шақырылымының депутаты болды.

Бүгінде ғасыр жасаған кейуана қызымен бірге тұрып, балаларының, немере-шөберелерінің қызығына бөленуде. 80 жылдық Жеңіс қарсаңында Алмалин ауданы әкімдігі мен Amanat партиясының өкілдері ардагерді арнайы құттықтап, құрмет көрсетіп, денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

"Біздің ардагерлер – нағыз батырлар. Олар өз өмірлерін қауіпке тігіп, болашақ ұрпақ үшін күресті. Оларды құрметтеу – біздің парызымыз", – деді депутат Бақытбек Жұмабаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,322 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.