AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 9 мыңнан астам жас комьюнити орталықтың а...

Алматыда 9 мыңнан астам жас комьюнити орталықтың арқасында жұмысқа орналасты

Әлеумет 24.06.2024, 09:59 924
Алматыда 9 мыңнан астам жас комьюнити орталықтың арқасында жұмысқа орналасты
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі биылғы жылдың бірінші тоқсанында 5,2%-дан 4,6%-ға дейін төмендеді.

Алматыда жастар үшін тағы бір жаңа тартылыс нүктесі ашылады

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданын аралау барысында жастардың комьюнити орталығын ашуға арналған жаңа ғимаратта болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетейік, бұл аудандағы комьюнити орталықтың екінші филиалы, біріншісі Боткин көшесі, 16 мекенжайында орналасқан.

Жалпы ауданы 645 шаршы метр ғимарат осы жылдың сәуір айында бос жерде салынған. Жаңа комьюнити орталықты ашу үшін инклюзивті тәсілді ескере отырып, жаңғыртылып жатыр. Сондай-ақ, орталық аумағында шағын сахна мен баскетбол алаңын орналастыру жоспарланған. Жұмысты 2 айдың ішінде аяқтау көзделген. 

Ашылған соң мұнда креативті қоғамдық кеңістік пайда болып, әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, психологиялық және заңгерлік көмек, жаңа мамандық алу бойынша қысқа мерзімді курстар сынды жастарға қажетті қолдау шаралары ұсынылады.

Ерболат Досаев әр ауданда жастарға арналған комьюнити орталықтар құру тәжірибесі оң нәтиже бергенін атады. Биылғы бірінші тоқсанның өзінде 9 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,2%-дан 4,6%-ға дейін қысқарды.

Қалада Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі аясында барлығы 8 комьюнити орталығы ашылған. Олар күнде, демалыс жұмыс істейді. Орталықтарға күн сайын орта есеппен 300 адам келеді. 2025 жылдың соңына дейін осындай 16 орталық жұмыс істемек.

Бүгінде Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 680 мыңға жуық жас тұрады, оның ішінде Жетісу ауданында 58 мыңнан астам жас бар. NEET санатындағы жастардың үлесі (білімі мен жұмысы жоқ жастар) ауданда 6%. Жалпы, мегаполисте құрылған жастарды әлеуметтендіру жүйесінің арқасында NEET санатындағы жастардың үлесі азайып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #комьюнити орталық #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);