ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыда 800-ден астам әйел сүт безі қатерлі ісігі...

Алматыда 800-ден астам әйел сүт безі қатерлі ісігіне тегін тексеруден өтті

Медицина 17.10.2022, 12:16 1,535
Алматыда 800-ден астам әйел сүт безі қатерлі ісігіне тегін тексеруден өтті
Сурет: Денсаулық басқармасы
19 әйелде сүт безі қатерлі ісігіне күдік анықталды

19 әйелде сүт безі қатерлі ісігіне күдік анықталды


Өткен сенбіде Алматыда әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында ауқымды акция өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл күні қаланың 17 медициналық ұйымында Ашық есік күні өтіп, онда 839 әйел онко-маммолог мамандардан тегін кеңес алды. Науқан мүмкіндігінше көп әйелдің денсаулығын тексеру үшін демалыс күні өткізілді.


Бұл күні алдын ала жазылусыз және жолдамасыз маммолог маманның кеңесін алып, қажетті зерттеулерден – сүт бездерінің ультрадыбыстық және маммографиясынан өтуге мүмкіндік болды. Жүргізілген тексеру нәтижесінде 19 әйелде сүт безі қатерлі ісігіне күдік анықталды. Анықталған патологиясы бар әйелдерге Алматы онкологиялық орталығында одан әрі тексеру және емдеу бойынша ұсыныстар берілді. Қалалық онкологиялық диспансердің бас дәрігері Нұрсұлтан Ізбағамбетов бұл шара жыл сайын қазан айында әлемнің түрлі елдерінде өтетін Дүниежүзілік кампания – сүт безі обырына қарсы күрес айлығына орайластырылып отырғанын айтты.



«Науқан сүт безі ісігін ерте анықтау, дер кезінде емдеуді бастау және өлім-жітім деңгейін төмендету үшін әйелдерді скринингтен өткізуге бағытталған. Қымбатты да аяулы арулар, қазанның 1-інен айдың әр сенбісінде Орталықта сүт безі қатерлі ісігінің профилактикалық тексерулері жүргізілетінін тағы да еске салғым келеді. Барлық әйелдерді тексеруден өтуге шақырамыз», - деді ол.



Естеріңізге сала кетейік, 30-40 жас аралығындағы әрбір сау әйел жылына бір рет сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуінен өтуі керек. 40 жастан асқан әйелдер 2 жылда бір рет маммографиядан өтуі тиіс.



Гинеколог пен маммологқа үнемі қаралумен бірге өзін-өзі тексеру ерте кезеңде сүт безіндегі өзгерісті анықтауға көмектеседі. Бұл өте маңызды. Сүт бездерін өзін-өзі тексеру жүйелі түрде айына бір рет етеккір циклінің 7-10-шы күндерінде ұсынылады. Менопауза кезінде белгілі бір күнде, мысалы, әр айдың бірінші күні тұрақты тексеруден өту керек.


Естеріңізде болсын, ерте диагностика өміріңізді аман сақтап қалады!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.