Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 5 мың көшет отырғызылды

Алматыда 5 мың көшет отырғызылды

Әлеумет 22.04.2023, 19:19 1,421
Алматыда 5 мың көшет отырғызылды
Almaty-akshamy.kz

Алматыдағы жалпықалалық сенбілікте 15 мың текше метр қоқыс жиналып, 5 мың көшет отырғызылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматыда 22 сәуір күні қала әкімдігінің қолдауымен қоғамдық ұйымдар ұйымдастырған Almaty Clean & Green кең ауқымды экологиялық акциясы өтті. Қала әкімі Ерболат Досаев екі жердегі – Баум тоғайы мен Медеу ауданындағы экоакцияға қатысты. Шаһар басшысының айтуынша, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялауға бағытталған мұндай акциялар мегаполисте жақсы дәстүрге айналуға тиіс.
Жалпықалалық сенбілікке 82 мыңнан астам адам қатысып, 5 мың ағаш отырғызылып, 15 мың м3 астам қоқыс жиналды.  
Экологиялық акцияны амбассадорлар, танымал әртістер бірауыздан қолдады.
«Керемет, тамаша акция! Әлемде экология мәселесі қаншалықты өзекті екенін бәріміз білеміз,  бұл сүйікті қаламыз Алматыға да қатысты. Бұл өте маңызды оқиға, біз Almaty Clean & Green акциясын тал егуден бастағанымызға қуаныштымын. Жас шыбықтың жайқалған ағашқа айналарына сеніміміз мол», - дейді «Джулия» мюзиклінің ұжымымен бірге акцияға қатысқан белгілі музыкант, A'Studio тобының продюсері Байғали Серкебаев. 
«Сенбілікке бүгін тұрғындар, еріктілер, әртістер қатысып отыр. Біз жасыл желекті аялап ұстауымыз керек. Меніңше, бұдан біздің қаламыз көркейеді. Сенбі күні ғана емес, күнделікті өмірде де осыны ұстануымыз керек», - деді ақын Мұратқан Шоқан. 
Айта кетейік, жалпықалалық сенбілікті өткізуге «Posadiderevo.kz» РҚБ, ECONETWORK, Қазақстанның көгалдандырушылар қауымдастығы, «Спорттық туристер достастығы» ҚҰ, «Greenup.kz» ҚҚ мұрындық болған. Қоғамдық ұйымдар әлеуметтік желілерде акцияны заманауи форматта өткізуге шақырды. 
Алматы әкімдігі қажетті құрал-жабдықпен (қолғап, тырма, күрек, қап), көшетпен қамтамасыз етіп, акцияға қатысушыларға ас-су берді. Мерекелік көңіл-күй жасау үшін барлық аумақта жаттығу, йога, зумба, шеберлік дәрістері, флешмоб ұйымдастырып, байқау өткізіп, жүлделер берілді.
Экобелсенділер Түрксіб, Жетісу және Медеу ауданынында негізгі төрт орынды белгіледі. Қоғам белсенділерінің бастамасына аудандың әкімдіктер де атсалысып, өздерінің аумағында коммуналдық қызметпен бірлесіп, жергілікті жерде сенбілік өткізді. Акция барысында қаланың барлық ауданында 26 аумақ тазартылды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сенбілік #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.