ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 45 мың жарықтандыру тірегі ауыстырылып, 5...

Алматыда 45 мың жарықтандыру тірегі ауыстырылып, 500 км кабель тартылды

Әлеумет 06.05.2025, 09:53 615
Алматыда 45 мың жарықтандыру тірегі ауыстырылып, 500 км кабель тартылды
Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда 2025 жылы 1200-ге жуық қараңғы учаске жарықтандырылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Игорь...

Алматыда 2025 жылы 1200-ге жуық қараңғы учаске жарықтандырылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Игорь Мысик мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен үш кезеңнен тұратын жоспар әзірленді. Бірінші кезең – бұрыннан бар жарық желілерін қалпына келтіру болатын. Қазір бұл жұмыстар толығымен аяқталуға жақын: барлық қолданыстағы желі іске қосылып, техникалық қызмет көрсетіліп отыр. 2024 жылдың қаңтарынан бастап «Алматы Қала Жарық» міндетін толық көлемде атқара бастағалы бері қалада 45 мың шам ауыстырылды, 3 мыңнан астам жаңа баған орнатылды, шамамен 500 шақырым кабель желісі тартылды.

Екінші кезең аясында 2024 жылы жарықсыз қалған 120 учаске жарықтандырылды. Ал 2025 жылы 1200-ге жуық қараңғы көше жарықпен қамтамасыз етіледі – бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 есе көп», – деді Игорь Мысик.

Үшінші кезеңде жарық жүйесін автоматтандыру көзделген. 2025 жылдың өзінде сыртқы жарықтандыруды басқаруға арналған 320 сыртқы жарықтандыруды басқару шкафы ауыстырылды. Жыл соңына дейін олардың жалпы санының 70%-ы, яғни 1100 шкафтың 800-і жаңартылады.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қаңтарынан бастап қаладағы жарықтандыру желілерінің басым бөлігін «Алматы Қала Жарық» басқаруда. Бұған дейін бұл желілер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында үш компаниядан тұратын консорциумның қарауында болған, алайда міндетін тиісінше атқара алмағандықтан, 2023 жылдың жазында қала әкімі Ерболат Досаев келісімді бұзып, барлық инфрақұрылымды аудан әкімдіктерінің балансына беруді тапсырған еді. Қазіргі таңда бұл желілердің барлығы «Алматы Қала Жарық» мекемесімен келісімшарт негізінде қызмет көрсетілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,291 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.