AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда 4 мыңға жуық шетелдік азамат көші-қон заң...

Алматыда 4 мыңға жуық шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзған

Заң мен тəртіп 23.04.2024, 09:43 1,262
Алматыда 4 мыңға жуық шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзған
Сурет: Polisia.kz

Алматы қалалық ПД көші-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері қалаға 23 мыңға жуық шетел азаматы келген, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«Алматы – инфрақұрылымы дамыған, өзіндік мәдениеті бар шаһар, сондықтан алыс және жақын шетелдерден келген шетелдіктердің қызығушылығын оятады. Көші-қон ағыны жыл сайын артып келеді. Бұл экономикаға оң әсерін тигізгенімен, жалпы қылмыстық жағдайға кері әсерін тигізіп жатыр. Яғни құқық бұзушылық саны өсіп жатыр. Ауыр қылмыс тіркелуде. Мәселен, Алматының Түрксіб ауданында шетел азаматы өзінің танысын өлтірген. Ал Медеу ауданында Үндістан мен Пәкістанның екі азаматы синтетикалық есірткі шығаратын зертхана ұйымдастырған. Шетелдік студенттердің қатысуымен болатын төбелестер де көптеп кездеседі», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.



Сондай-ақ Бутунчиновтың сөзінше, Алматыда ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында тұрақты негізде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті.


Жыл басынан бері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 4 мыңға жуығы шетел азаматтары екен. Жалпы, сот шешімімен 682 шетелдік елден шығарылды. Алматы полициясы елге келетін шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шетелдік азаматтар #Көші-қон заңнамасы #бұзушылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);