Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 34 мың жас жұмысқа орналасты

Алматыда 34 мың жас жұмысқа орналасты

Әлеумет 05.12.2023, 06:31 1,065
Алматыда 34 мың жас жұмысқа орналасты
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда жыл басынан бері бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 34,1 мың жас жұмысқа орналасты. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев айтып өткендей, оның ішінде 27 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындарына, 6,4 мыңы уақытша жұмыс орындарына орналастырылған.


Мегаполистің барлық аудандарында жыл басынан бері 26 мың адамды, оның ішінде NEET санатындағы жастарды қамтитын «Мансап күндері»  өткізілді. Қалалық мансап орталығы 2,4 мың адамды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Сонымен қатар, өзекті мамандықтар бойынша 30 қысқа мерзімді оқыту курсы іске қосылды. 10,2 мың адам оқудан өтті, оның 9,2 мыңы жұмысқа орналастырылды, бір мыңы тағылымдамадан өтуде.


Алматыда жастарға арналған Jasalmaty.kz порталында орналасқан жұмыс іздеудің бірыңғай платформасы Jobffir365 деп аталады. 



«Платформаның ерекшелігі - бұл тегін негізде жұмыс іздеп қана қоймай, сертификат ала отырып, қысқа мерзімді курстардан өту мүмкіндігі», - деп атап өтті А.Қырықбаев.



Бүгінгі таңда платформаны 13,5 мыңнан астам адам пайдаланды, 3,7 мың бос жұмыс орны орналастырылды және 1,5 мың жұмыс беруші тіркелді. 1,8 мың адам жұмысқа орналастырылды.


Әкімнің орынбасары өз сөзінде атап өткендей, сонымен қатар жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылы 8 жастар комунити-орталығы іске қосылады. 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 16-ға дейін жеткізіледі.       



«Болашақта орталықтар тартымды орынға айналады, NEET санатымен жұмысты жаңа деңгейге шығарады, олардың жеке есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған шаралар кешені NEET жастарының үлесін 2023 жылдың 11 айында 8,3% - дан 7,3% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылдың соңына қарай 7% - ға дейін, 2025 жылдың соңына қарай 5,2% - ға дейін және 2030 жылдың соңына қарай 4% - ға дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті А.Қырықбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #жәрмеңке #адам #азамат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.