AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыда 300 оқушы қатысқан флешмоб өтті

Алматыда 300 оқушы қатысқан флешмоб өтті

Алматы құшағында 27.05.2025, 17:25 1,065 Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ
Алматыда 300 оқушы қатысқан флешмоб өтті
almaty-akshamy.kz

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласындағы №59 мектеп-гимназияда «Балалық шақ мәңгі болсын!» атты ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған 300-ге жуық оқушы қатысты.

Мәдени іс-шарада әппақ футболка мен шапка киген балалар «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін айтып, ұжымдық флешмоб биледі. Бірі сурет салып, бірі ән шырқап, барлығы бірдей ортақ би билеген оқушылар мерекенің сәнін келтірді.
Мектеп ауласы да мерекеге сай безендірілген. «Ұлы дала ұрпағы» атты этнолагерьдің баннері ілінген аулада киіз үй де бар. 
Флешмобтың мақсаты - балалық шақтың жарқын сәттерін бейнелеу, би мен ұжымдық әрекет арқылы шаттық пен мейірімділік атмосферасын қалыптастыру.

Мектеп-гимназия директоры Асан Торғанбековтың айтуынша, бұл шара Алматы қаласы Білім басқармасының арнайы жоспары негізінде 22 мамыр мен 1 маусым аралығында өткізілуде.

"Оқушыларымыз жазғы демалысқа көтеріңкі көңіл-күймен шықсын деген ниетпен осындай шара ұйымдастырдық. Мектеп жанынан этнолагерь аштық. Оған келетін балалар күн сайын Қаражорға биімен жаттығу жасап, ұлттық ойындарға қатысады. Мұндай шаралар оқушыларымыздың бос уақытын мазмұнды өткізуге сеп болады. Ал жалпы, балалар мерекесі – әр баланың жүрегінде шаттық пен үміт оятатын ерекше күн. Біз жыл сайын бұл мейрамды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, шәкірттеріміздің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береміз",  – дейді Асан Ержанұлы.

Айта кетейік, биыл мектепті 1355 оқушы аяқтап отыр. Оның ішінде 11-сыныпты – 77 түлек, 9-сыныпты – 156 оқушы тәмамдады. 11-сыныптан 7 оқушы – «Алтын белгіге», 4 оқушы – «Үздік аттестатқа» үміткер. Ал 9-сыныптардан 25 оқушы «Үздік аттестатқа» ұсынылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #флешмоб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);