Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 270 мың бала жазғы лагерьлерге барады

Алматыда 270 мың бала жазғы лагерьлерге барады

Әлеумет 23.05.2023, 05:52 1,160
Алматыда 270 мың бала жазғы лагерьлерге барады
egemen.kz

Бұл шамамен 99%, оның ішінде 35 мыңнан астам бала әлеуметтік осал санатта. Бұл мақсатта 209-дан астам мектеп жанындағы және 20-дан астам қала сыртындағы лагерьлер жұмысы жоспарлануда. Жазғы демалыс жайлы мәліметтерді Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанат Айтпаева айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
 
Қаланың 8 ауданының әкімдіктерімен мектеп жанындағы лагерь балаларына театрларға, мұражайларға, кітапханаларға тегін бару қарастырылған. Сонымен қатар, 750 баланы қамтитын оқушылар сарайының "Өрнек" лагері жаз бойы жұмыс істейтін болады. Демалыс кезіне балаларға арналған секциялар, клубтар, үйірмелер, еңбек топтары, экскурсиялар қарастырылған. Олармен 60 мыңнан астам бала қамтылады. 



Оқушылар Сарайында және 7 оқушылар Үйінде 14 мыңнан астам бала спорт секцияларымен, техникалық және көркемөнер үйірмелерімен, сондай-ақ дойбы, шахмат, үстел теннисі, бокс, күрес, гимнастика, домбырада ойнауды үйрену, би, футбол және басқа ойындармен қамтылады.  Бұдан басқа, балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік тапсырысқа сәйкес 86 жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарында 5 500 қамтылады.
 
Аула клубтары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерде профилактикалық есепте тұрған, сондай-ақ қолайсыз және аз қамтылған отбасыларда тұратын 8 500-ге жуық жасөспірімді қамтиды.


Жазғы демалысты ұйымдастырудың және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету үшін білім басқармасымен білім беру ұйымдарына нұсқаулық хат жолданды, онда мектеп жанындағы лагерьлерді ұйымдастыру бойынша ұсынымдар, нұсқаулықтар, жадынамалар бар, олардың қызметін санитарлық-медициналық және санитарлық-гигиеналық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар енгізілді. 



Ювеналды полиция тарапынан мектеп жанындағы лагерьлерге инспекторлар жолданып, балалардың жолдағы, су қоймаларындағы қауіпсіздігі бойынша дәрістер өткізетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #лагерь #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.