AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2,5 миллион ағаш отырғызылады

Алматыда 2,5 миллион ағаш отырғызылады

Әлеумет 16.11.2022, 05:44 1,181
Алматыда 2,5 миллион ағаш отырғызылады
Сурет: Inform.kz

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала жұртшылығымен өткен жиында айтты.


Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы жылдары Алматының жасыл қала ретіндегі беделі төмендеді. Бұл ретте 2030 жылға дейін қалада 2,5 миллион ағаш отырғызу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Алматыда ауа мен қоршаған орта сапасын жақсартудың тағы бір маңызды факторы көгалдандыру болып табылады. Алматы әрқашан өзінің жасыл желегімен танымал болған. Бірақ соңғы жылдары оның жасыл қала ретіндегі беделі төмендеді. Біз шетелге барамыз және Алматыға қарағанда жасыл және таза қалалар бар екенін көреміз. Онда шамамен 4 миллион ағаш бар, бірақ кейбір аудандарда олар жеткіліксіз. Сонымен қатар қаладағы жасыл кеңістіктер мен ағаштардың 10%-дан астамы жаңартуды қажет етеді. 2030 жылға дейін Алматыда 2,5 миллион ағаш отырғызылады. Бұл өте үлкен көлем. Ең бастысы, көгалдандыру суармалы судың қол жетімділігі мен қала жоспарын ескере отырып, мағыналы және біркелкі жүргізілуі керек», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.



Жалпы, Алматыда 136 саябақ бар. Бүгінде олардың санын көбейту және абаттандыру бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Президенттің айтуынша, қала басшылығы мұнымен тоқтап қалмауы керек.



«Алматы өзінің «жасыл қала» мәртебесін күшейтуі тиіс. Бұл тек қаланың ғана емес, бүкіл елдің беделіне қатысты мәселе», - деп қосты Мемлекет басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ағаш #отырғызу #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);