конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 240-тан астам әйел ЭКО процедурасы арқасы...

Алматыда 240-тан астам әйел ЭКО процедурасы арқасында ана атанды

Әлеумет 18.02.2025, 11:52 787
Алматыда 240-тан астам әйел ЭКО процедурасы арқасында ана атанды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда және Қазақстанда ЭКО бағдарламаларының саны тұрақты түрде өсіп келеді, бұған мемлекеттік қолдау және халықты ақпараттандырудың жоғарылауы ықпал етуде.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Экомед» клиникасының репродуктивті маманы Айгерім Ахметова мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Соңғы төрт жылда «Аңсаған Сәби» бағдарламасы аясында 28 мың ЭКО шарасы жасалып, соның арқасында 10 мыңнан астам бала дүниеге келді. Алматыда бұл бағдарлама 562 әйелді қамтыса, оның 246-сы ана атанды», - деді репродуктолог.

Маман ЭКО-ға қызығушылықтың артуының негізгі себептерінің қатарында технологиялардың дамуын, кеш босанулардың көбеюін және бедеулік диагностикасының жақсаруын атайды.

«Бүгінгі таңда Қазақстандағы ерлі-зайыптылардың 16-17%-ы бала көтеруде қиындықтарға тап болады және көп жағдайда ҚРТ олар үшін сенімді шешімге айналады. Алматыда ЭКО-ға маманданған 11 емхана бар, бұл қаланы репродуктивті медицина орталығына айналдырады», - деді Ахметова.

Сондай-ақ спикер алдағы 5-10 жылда Алматы репродуктивті медицинаның одан әрі дамуын, жаңа технологиялардың енгізілуін және ЭКО қолжетімділігін кеңейтуді күтетінін баса айтты.

«Біз тегін ЭКО-ға квоталардың көбеюін және бедеулікті емдеудің инновациялық әдістерін енгізуді болжап отырмыз. Қазақстанда репродуктивті технологияларды дамытуда Алматы негізгі орын алады», - деп түйіндеді сөзін Айгерім Ахметова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #эко #ана атанған әйелдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);