AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 2040 жылға дейінгі сумен жабдықтау жүйесі...

Алматыда 2040 жылға дейінгі сумен жабдықтау жүйесін дамыту жоспары таныстырылды

Алматы 30.06.2026, 14:03 373
Алматыда 2040 жылға дейінгі сумен жабдықтау жүйесін дамыту жоспары таныстырылды

Алматыда стратегиялық экологиялық бағалау аясында қаланың Бас жоспарына енгізілетін түзетулер бойынша қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Басқосудың негізгі тақырыбы – қаланы экологиялық тұрғыдан орнықты дамытуға бағытталған даму сценарийі.

Тыңдау барысында Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттарын таныстырды. Оның айтуынша, негізгі міндеттердің қатарында саланы цифрландыру, су ресурстарын ұтымды пайдалану, электр көлігіне арналған инфрақұрылымды дамыту және қаланың орнықты дамуына ықпал ететін жобаларды жүзеге асыру бар.

Талқылау барысында тұрғындар халық санының артуы мен тұрғын үй құрылысының қарқынды жүруіне байланысты Алматыны ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды.

Қойылған сұрақтарға жауап берген Нұрбақыт Серікбай сумен жабдықтау жүйесін дамыту жұмыстары 2040 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспар аясында жүргізіліп жатқанын айтты.

«Бүгінде сумен жабдықтау мәселесі ең алдымен Наурызбай ауданында және Бостандық ауданының кей бөлігінде өзекті болып тұр. Су тапшылығының алдын алу үшін жаңа су алу нысандарын, сүзгі станцияларын салу, қолданыстағы су көздерінің қуатын кеңейту және инженерлік желілерді жаңғырту бойынша бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр», – деді басқарма басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);