Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2040 жылға қарай LRT, BRT метро желілері...

Алматыда 2040 жылға қарай LRT, BRT метро желілері ұзарады

Әлеумет 01.08.2023, 08:37 976
Алматыда 2040 жылға қарай LRT, BRT метро желілері ұзарады
nur.kz

Құжатқа сәйкес, 2025 жылға қарай қолданыстағы BRT желісі «Шығыс қақпасы» полиорталығына дейін ұзартылады. Райымбек даңғылы бойымен жаңа BRT желісін іске қосу жоспарда. Осылайша, жүрдек автобустар желісі 40 шақырымға ұзарады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы қаласының жаңа Бас жоспарын әзірлеуші, көлік сарапшысы Роман Барабановтың айтуынша, транзиттік-бағдарланған даму қағидаты (ТБД) қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жеке автокөлікпен жүру қажеттілігін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.



Метро, БРТ, LRT (жеңіл рельсті трамвай), сондай-ақ бөлінген жолақтар қаланың белгілі бір жерлерінде қалалық және аудандық маңызы бар көлік-ауыстыру тораптарымен (КАТ), жергілікті байланыстар деңгейінде өзара байланысты болады, сондай-ақ оларға мүмкіндігінше велоинфрақұрылым (веложолдар, веложолақтар) жеткізіледі. Сонымен қатар, КАТ бірқатар автобус маршруттарын оңтайландыруға мүмкіндік береді»,- деді ол.



Сарапшының сөзінше, толыққанды көлік-ауыстыру тораптары Алматы - 2 вокзалында пайда болады. Бұл Райымбек батыр метро станциясын қолжетімді етуге, қала маңындағы автобустардың бағыттарын Қонаев қаласына, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына электр пойызымен кетуге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ Алматы -1 вокзалының жанында метроға ауысуға жағдай жасалады. Ал, ұзарған желінің өзі БРТ және LRT-мен түйісетін болады.
Сонымен қатар, сарапшы жеңіл рельсті жүрдек көліктер жобасы қалаға көптен бері қажет екенін айтты.


Алдағы екі жылда қолданыстағы BRT желісі «Шығыс қақпасы» полиорталығына дейін ұзартылып, Райымбек даңғылы бойымен жаңа BRT желісі іске қосылады. 2025 жылы Қалқаман метро стансасы пайдалануға беріліп, батыс бағыттағы келесі үш стансаның құрылысы басталады. 2027 жылға қарай Төле би көшесінің бойында жүрдек жеңіл рельсті жолдың бірінші желісін іске қосу жоспарда.


2030 жылға қарай BRT желілерін Тілендиев, Розыбақиев, Мұқанов, Жұмабаев көшелері мен Үлкен Алматы айналма және Құлжа тасжолы бойымен 30 шақырымға дейін ұзарту жоспарда. 2035 жылға қарай – Өтеген батыр, Тәтібеков, Солтүстік айналма және Шолохов көшесінің бөліктері қамтылмақ ( 20 шақырым).


Ал 2040 жылы жүрдек автобустар желісі тағы 12 шақырымға ұзартылады.



Жылдам автобус (BRT) желілері жобасымен қатар метро желісі де дамиды. Бас жоспар бойынша 2040 жылға қарай метро желісінің ұзындығы 32 шақырымға жетпек. Бүгінгі таңда қолданыстағы желі 13 шақырымды алып жатыр. Мұның барлығы қоғамдық көліктің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жеке көлікпен жүру қажеттілігін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде арнайы жолақтардың көмегімен жағдайды жақсартуға мүмкіндік бар.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жолдар #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.