ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамы...

Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді

Әлеумет 11.02.2025, 12:06 613
Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда қала әкімінің тапсырмасы бойынша «2040 жылға дейін перспективада қаланы жылумен жабдықтауды дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары» әзірленді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматыда қала әкімінің тапсырмасы бойынша «2040 жылға дейін перспективада қаланы жылумен жабдықтауды дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары» әзірленді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл туралы Алматы энергетика басқармасы басшысының м.а. Нұрбақыт Серікбай Мәслихаттың кезектен тыс XXVII сессиясында хабарлады.

Құжат жылу желілерін жаңғырту мен реконструкциялауды, ескірген технологиялар мен жабдықтарды ауыстыруды, сондай-ақ перспективалы құрылыс аудандарында жаңа қазандықтар салуды көздейді. 

Жобаны әзірлеу кезінде алдағы онжылдықтарға ресурстарды ұтымды бөлуге мүмкіндік беретін және ұзақ мерзімді перспективада жылумен жабдықтаудың тұрақтылығына кепілдік беретін болжам жүзеге асырылды.

Айта кетерлігі, бүгінде Алматыда  қолданылуы 25 жылдан асқан жылу желілерінің үлесі қаланың балансына иесіз желілерді беру есебінен өсуде. Жыл сайын 39 км құбырды қайта жаңарту кезінде 2040 жылға қарай желілердің тозу деңгейін 20% - дан астамға дейін төмендету жоспарлануда. 

Жаңғырту аясында апатты жағдайлардың туындау тәуекелдерін едәуір төмендетуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен шешімдерді енгізу көзделген.

Сондай-ақ, ескі құбырларды қашықтан басқарылатын оқшауланған құбырларға ауыстыру жоспарланған, бұл жылу шығыны мен техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтады. Сондай-ақ, ескірген бекіту арматуралары заманауи шар клапандарымен ауыстырылады. 

«Қабылданған шаралар жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға, жаңа тұтынушыларға үздіксіз жылу беруді қамтамасыз етуге және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді сөзін Нұрбақыт Серікбай.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,443 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.