ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда 2025 жылы жарықтандыру жүйесін жаңғырту ж...

Алматыда 2025 жылы жарықтандыру жүйесін жаңғырту жұмыстардың көлемі едәуір аяқталды

Алматы 01.11.2025, 14:34 288
Алматыда 2025 жылы жарықтандыру жүйесін жаңғырту жұмыстардың көлемі едәуір аяқталды
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды төрағалығымен қаланың сыртқы және сәулеттік жарықтандыру жүйесін жаңғырту жөнінде кеңес өтті. 2025 жылдың қорытындысы қаралып, міндеттер айқындалды.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды төрағалығымен қаланың сыртқы және сәулеттік жарықтандыру жүйесін жаңғырту жөнінде кеңес өтті. 2025 жылдың қорытындысы қаралып, міндеттер айқындалды.

2025 жылы жарықтандыруды жаңғырту жұмыстары 18 учаскеде жүргізілді, оның 12-сі аяқталды. Барлығы 10,5 мыңнан астам жаңа шам орнатылды, 4,2 мыңнан астам қолданыстағы шам ауыстырылды және 4,1 мың торшер шамдары орнатылды. Бұл магистральдардың, тұрғын аудандардағы көшелердің және жүргіншілер аймақтарының жарық деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

Бұрын жарықтандырылмаған аумақтарға ерекше назар аударылады. Бағдарлама аясында қосымша 301 учаске жарықпен қамтамасыз етіліп, 2086 жарық нүктесі орнатылды. Бірқатар ауданда жұмыс толығымен аяқталды, қалғандары бітуге жақын.

Жиында бағдарламаны іске асыруда "Алматы Қала Жарық" МКК және аудан әкімдіктері ерекше рөл атқаратыны атап өтілді. Ғимараттарды сәулеттік жарықтандыру маңызды бағыт болып табылады: биыл қаланың 100 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны мен ірі сәулет құрылысын жарықтандыру толығымен бітті.

2026 жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 339 км 80-нен астам көшеде сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту және қосымша 11 300 шам орнату жоспарланған. Сондай-ақ, жүргіншілер аймақтарын жарықтандыру жұмыстары жалғасады - 88,5 шақырым тротуарға 1500-ден астам торшер шамы мен 1000 кронштейн жоспарланған.

Дархан Сатыбалды жұмыстарды мерзімінде орындау, монтаждау сапасын арттыру және жүйелі бақылау қажеттігін атап өтті. 

"Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына басымдық беріледі. Жарықтандыруды жаңарту қалалық ортаның сапасына тікелей әсер етеді. Белгіленген кестені қатаң сақтау, мердігерлерге бақылауды күшейту және қазіргі мәселелерді жедел шешу қажет", - деді әкім.

Сондай-ақ, сәулеттік жарықтандыру бағдарламасын кеңейту, білім беру мекемелеріне, емханаға, аулаға, мәдени ошақтарға назар аудару тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.