Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2025 жылы ірі ағаштарды отырғызу бойынша...

Алматыда 2025 жылы ірі ағаштарды отырғызу бойынша ауқымды жұмыс басталады

Әлеумет 05.12.2024, 11:42 819
Алматыда 2025 жылы ірі ағаштарды отырғызу бойынша ауқымды жұмыс басталады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
2025 жылы Алматы қаласының аумағында үш деңгейлі көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс басталады. Бірінші деңгейде көгалдар мен гүлзарлар, екінші деңгейде бұталар мен сәндік өсімдіктер, ал үшінші...

2025 жылы Алматы қаласының аумағында үш деңгейлі көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс басталады. Бірінші деңгейде көгалдар мен гүлзарлар, екінші деңгейде бұталар мен сәндік өсімдіктер, ал үшінші деңгейде ірі ағаштар отырғызылады.

2025–2027 жылдарға арналған тиісті бюджет жобасы алдағы Мәслихат сессиясында қаралады. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, шамамен 17 мың ірі ағаш отырғызу жоспарланған, оның ішінде 15 мың ағаштың биіктігі 4 метрден асса, 2 мың ағаштың биіктігі 6 метрден асады.

Отырғызу жұмыстары магистральды көшелер бойында, саябақтарда, скверлерде, бульварларда және басқа да қоғамдық орындарда жүргізіледі. Мұндай тәсіл тығыз қоныстанған аудандарда көлеңке мен жасыл аймақтарды тезірек құруға мүмкіндік береді.

Жоба аясында ағаштарды отырғызу мен күтіп-баптаудың заманауи әдістері қолданылатын болады. Отырғызудан кейінгі алғашқы екі жылда жүйелі күтім жасалады: тамшылатып суару, автоматтандырылған суару жүйелерін орнату, сондай-ақ ағаштар мен бұталарды жергілікті жағдайларға бейімделген минералды тыңайтқыштармен қоректендіру қарастырылған. Бұл олардың жерсінуін жеделдетеді.

Көгалдандыру экологиялық жағдайды жақсартуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған. Ірі ағаштарды отырғызу жасыл инфрақұрылымды қалыптастыру уақытын қысқартып, қала тұрғындары үшін жайлы жағдай жасайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,463 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,353 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,994 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,191 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.