AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзге...

Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?

Әлеумет 09.01.2025, 11:34 1,045
Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
Өңірлік коммуникациялар қызметі
 

2025 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік міндеттемелерді орындауға 5,982 трлн теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға артық. Бұл туралы Алматыда өткен Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Асқар Ниязов мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

А. Ниязовтың айтуынша, бюджеттің ең көп бөлігі – 4,262 трлн теңге – зейнетақымен қамсыздандыруға бағытталған. Бұл қаражат республика бойынша шамамен 2,5 млн зейнеткерді қамтуға мүмкіндік береді. Зейнеткерлер саны өткен жылмен салыстырғанда 77,8 мың адамға артқан.

Салыстыру үшін, 2023 жылы осы мақсаттарға 3,752 трлн теңге бөлінген, оның ішінде 438,5 млрд теңге Алматыдағы 252,8 мың зейнеткердің төлемін қамтамасыз еткен.

Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді?

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • Ең төменгі базалық зейнетақы 32 360 теңгеге дейін өседі.
  • Ең жоғары базалық зейнетақы 50 851 теңгеге дейін ұлғаяды.
  • Ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өседі, бұл инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары.

Көпбалалы отбасыларға төлемдер қалай артты?

Балаларды қолдау мақсатында тууға байланысты біржолғы жәрдемақы көбейтілді:

  • 4 және одан көп бала үшін ата-аналар 232 596 теңгенің орнына 247 716 теңге алатын болады.
  • Төрт баласы бар отбасылар үшін ай сайынғы төлемдер 63 030 теңгеге дейін,
  • Он баласы бар отбасылар үшін 157 280 теңгеге дейін ұлғайды.

Мүгедектігі бар адамдарды қолдау

Мүгедектігі бар адамдарға арналған төлемдер де артты:

  • I топ үшін: 101 702 теңге,
  • II топ үшін: 81 362 теңге,
  • III топ үшін: 55 474 теңге.

Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдерді алатын 2,3 млн адамға көмек көрсету үшін 720 млрд теңге қарастырылған.

Әлеуметтік шығыстардың үлесі

Қорытындылай келе, Асқар Ниязов 2025 жылы әлеуметтік шығыстар республикалық бюджеттің 26%-ын құрайтынын айтты. Барлық әлеуметтік міндеттемелер уақтылы және толық көлемде орындалатынына сендірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #отбасы #инфляция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);