ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыда 2025 жылдың соңына дейін 20 мыңнан астам...

Алматыда 2025 жылдың соңына дейін 20 мыңнан астам жаңа шам мен торшер орнатылады  

Алматы 05.09.2025, 16:30 692
Алматыда 2025 жылдың соңына дейін 20 мыңнан астам жаңа шам мен торшер орнатылады  
Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қаладағы ғимараттардың сыртқы және сәулеттік жарықтандыру жүйесін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жалғасып жатыр. Бағдарламаны іске асыру қала...

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қаладағы ғимараттардың сыртқы және сәулеттік жарықтандыру жүйесін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жалғасып жатыр. Бағдарламаны іске асыру қала көшелерін анағұрлым қауіпсіз әрі қолайлы етіп, қоғамдық кеңістіктерді көркейтеді. 

Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының дерегінше, жыл соңына дейін қаладағы 1189 аумақта 20 мыңнан астам шам мен торшер орнатылады. Жұмыс барлық ауданды қамтып, көшелер толықтай жарықтандырылады. Қазірдің өзінде Әуезов ауданында жоба аяқталып, Медеу ауданында жалғасын тапқан. Басқа аумақтарда да жұмыс қарқын алған. 

Сәулеттік жарықтандыруға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл 70 ғимарат пен әлеуметтік нысанның жарық беру жүйесі жаңартылмақ. Қазір оның 25-інде жұмыс толық аяқталды, атап айтсақ, олар тұрғын үйлер, мектептер, медициналық мекемелер және жоғары оқу орындарының ғимараттары.

Дархан Сатыбалды жарықтандыру жүйесін дамыту қаланың тұрмыс сапасымен тікелей байланысты екенін атап өтті. «Сәулеттік жарықтандыру жұмыстарын жеделдетіп, көше шамдарына қатысты барлық нысанды қатаң бақылауға алу қажет. Бұл тек көркейту емес, қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін де аса маңызды шаруа», – деді әкім.
 
Жобаның тиімділігін арттыру үшін «Алматы Қала Жарық» кәсіпорнының жұмысын күшейту және заманауи «ақылды» технология енгізу ұсынылды. Орнатылып жатқан шамдар Smart Lighting жүйесіне қосылуға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылармен жабдықталған. Бұл болашақта жарықтандыруды автоматты түрде басқаруға жол ашады.

Әкім Энергетика және сумен жабдықтау басқармасына сәулеттік жарықтандыру бойынша қалған ғимараттарда жұмысты жеделдетуді, аудан әкімдіктеріне ресурсты жұмылдырып, көше жарығының барлық нысанын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.