ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / АЛМАТЫДА 2023–2025 ЖЫЛДАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ИНФРАҚҰРЫЛ...

АЛМАТЫДА 2023–2025 ЖЫЛДАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Алматы 23.12.2025, 16:38 325
АЛМАТЫДА 2023–2025 ЖЫЛДАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСҚАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
AMANAT
Алматы қаласында AMANAT партиясының қалалық филиалы жанындағы Коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобилділік жөніндегі кеңестің 2025 жылға арналған қорытынды отырысы...

Алматы қаласында AMANAT партиясының қалалық филиалы жанындағы Коммуналдық инфрақұрылым, энергетика, сумен жабдықтау және қалалық мобилділік жөніндегі кеңестің 2025 жылға арналған қорытынды отырысы өтті.  

Отырыста партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында соңғы үш жылда Алматы қаласында жүзеге асырылған инфрақұрылымдық және көлік жобаларының нәтижелері қаралды. Жиын барысында жауапты басқармалар атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, негізгі көрсеткіштерге тоқталды.   2023–2025 жылдары қала жол желісін жаңғыртуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілді. Магистральдық, радиалды және ішкі көшелерді салу мен қайта жаңарту нәтижесінде жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95 пайызға жетті. Бұл қала ішіндегі көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен өткізу қабілетін арттыруға ықпал етті.  

Қоғамдық көлік жүйесін дамыту аясында жаңа бағыттар іске қосылып, қала маңы маршруттары кеңейтілді. Нәтижесінде қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалы тәулігіне 1,7 миллион адамға дейін өсті. Қаланың автобус паркі газбен жүретін автобустармен, троллейбустармен және электробустармен жаңартылып, экологиялық таза көлік үлесі ұлғайды.   Сонымен қатар, электр көлігін қолдау мақсатында электромобильдерге арналған 531 зарядтау станциясы пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш «AMANAT» партиясының бағдарламалық міндеттері аясында экологиялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жоспарлы тапсырмалардың мерзімінен бұрын орындалғанын көрсетті.  

Жиын қорытындысында атқарылған жұмыстардың оң нәтижелері атап өтіліп, алдағы кезеңде қалалық инфрақұрылымды одан әрі дамыту, көлік қолжетімділігін арттыру және тұрғындар үшін қолайлы қалалық орта қалыптастыру негізгі басымдықтар ретінде белгіленді.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.