ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Нарық / Алматыда 200 мың тұрғынды қамтитын электр қосалқы...

Алматыда 200 мың тұрғынды қамтитын электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде

Нарық 10.01.2024, 03:04 3,768
Алматыда 200 мың тұрғынды қамтитын электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Электрмен жабдықтау саласын модернизациялау үшін 200 мың тұтынушыны қамтитын электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде.

Электрмен жабдықтау саласын модернизациялау үшін 200 мың тұтынушыны қамтитын электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. 


2024 жылдың қыркүйегінде қуаты 80 МВт болатын «Тұзды бастау» ҚС-ның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Айта кетерлігі, сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2040 жылға дейінгі перспективамен Алматы қаласының электр желілерін дамытудың 2030 жылға дейінгі сызбасының жобасы әзірленді.



Оған кабельдік желілерді, трансформаторлық қосалқы станцияларды, жабық тарату құрылғыларын салу және реконструкциялау кіреді. Алматы мен қалаға қосылған аумақтарды электрмен жабдықтау сызбасын әзірлеу қосымша электр қуатын қосу бойынша тапшылықты жоюға, Бас жоспарға сәйкес қаланың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 



Жобаны іске асырғаннан кейін тозған желілердің азаюына байланысты тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру жоспарлануда. Еске салсақ, Алматы қаласы бойынша электр желілерінің ұзындығы – 8,6 мың км, ал электр желілерінің тозуы 65% -ды құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.