ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 20 мекеме карантинді бұзғаны үшін жауапқа...

Алматыда 20 мекеме карантинді бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Әлеумет 29.06.2021, 12:31 1,720
Алматыда 20 мекеме карантинді бұзғаны үшін жауапқа тартылды
almaty-akshamy.kz
Дүйсенбі күні Алматыда шектеу шаралары күшейтілді. Кафе мен мейрамханалардың жұмыс тәртібі өзгерді. Бұл шешім "дельта" коронавирус штамының жедел таралуына байланысты қабылданды. Алайда...

Дүйсенбі күні Алматыда шектеу шаралары күшейтілді. Кафе мен мейрамханалардың жұмыс тәртібі өзгерді. Бұл шешім "дельта" коронавирус штамының жедел таралуына байланысты қабылданды. Алайда жұқтырғандар санының артуы қала тұрғындарын алаңдатар емес, олар шектеулі жерлерде көңіл көтеруді жалғастыруда. 




Мониторинг топтары тамақтану, дүкендер, компьютерлік клубтар, моншалар мен басқа мекемелердің иелеріне санитарлық талаптарды сақтау туралы ескертті. Жаңа шектеулер үнемі еске салынса да, кәсіпкерлер оларды елемеуде.



Маусымның 28-нен 29-на қараған түні Алматыда белгіленген шектеулерді бұзған 5 жағдай анықталды. Мысалы, Әуезов ауданының мобильді тобы анықтаған "Інжу" банкет залында осы уақытта 60 қонақтың қатысуымен шара жоспарланған. Бұрынғы және қолданыстағы қаулыларға сәйкес, Алматыда той өткізуге тыйым салынған, сондықтан қонақтарды үйлеріне жіберуге тура келді. Иесіне қатысты материал кейіннен Әуезов ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына берілді. 



Сол түні Бостандық ауданының аумағында да тексерушілер жұмыс істеп тұрған "Strong" компьютерлік клубын анықтады. Қаулыға сәйкес, олардың жұмысына тыйым салынады. Алайда клуб әкімшілігі үй ішінде 80-ге жуық ойын әуесқойларын жинаған. 


Бұған дейін, 28 маусымға қараған түні, Алмалы ауданында 60-қа жуық келуші болған "Фризман" барында карантин режимінің бұзылуы анықталған. Сондай-ақ Әуезов ауданында 40 геймер болған "Дома" компьютерлік клубының жұмысы тоқтатылды. 


Карантиндік шаралардың ең көп бұзылуы 26 мен 27 маусымға қараған түні анықталды. Тексерушілер санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталмаған 12 мекемені тапты. Бұл тізімде “Алмалы” кафесі бар. Тексеру кезінде 120 келуші болған. Сондай-ақ, “Абырой" кафесінде 110 адам болғанын анықтады. Екі мекеме де Әуезов ауданында орналасқан. Иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.




Алматыда 20 наурыз бен 29 маусым аралығында барлығы 1216 бұзушылық анықталды. Анықталған нысандардың жалпы саны 790 мейрамхана, кафе мен дүкендер, 148 компьютерлік клубтарға, 18 бильярд клубтарына, 46 СПА-салонға, 29 моншаға, 2 кальян барына, 42 караоке клубына, 30 лото клубына, 23 түнгі клубқа, кинотеатр мен букмекерлік кеңсеге жатады. Аудандық полиция басқармасына барлығы 3337 адам жеткізілді.



Еске салсақ, мегаполисте күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталуда. Алматы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша "қызыл" аймақта. Жағдай "дельта" штамының жаңа айналымына байланысты. Ол жоғары патогенділікпен және тез таралуымен сипатталады. Қала тұрғындары санитарлық талаптарды сақтаулары, бетперде тағулары, адам көп жиналатын орындардан аулақ болғандары жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.