AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 2 жаңа саябақ аймағы пайда болады

Алматыда 2 жаңа саябақ аймағы пайда болады

Әлеумет 13.02.2025, 10:41 1,244 Nursok82
Алматыда 2 жаңа саябақ аймағы пайда болады
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда екі жаңа саябақ аймағы пайда болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

«2025 жылдың маусым айында Кемел шағын ауданында 12 га жағалауды абаттандыру жұмыстары басталады, ал ағымдағы жылдың қыркүйек айында Айнабұлақ шағын ауданында 10 га саябақ аймағын абаттандыру жобасы қолға алынады», - деді Ерболат Досаев. 

Айта кетейік, 2024 жылы Жетісу ауданында Есентай өзені бойынша  Көкмайса, Көкжиек шағын аудандарында және Кедровая көшесінде жалпы ауданы 24,6 га 3 жаңа саябақ-жағалау аймағы құрылды. 

Сонымен қатар, Алматы әкімі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру бойынша жоспарларын айтты. Биыл 30 жоба жүзеге асырылады. Бұл - 22 қоғамдық кеңістікті, 4 аула аумағын және 4 басқа инфрақұрылым нысандарын абаттандыру.

«Биыл «Халық қатысатын бюджет» аясында 1200-ден астам ұсыныстың ішінен 30 жоба іріктелді. Осы бағдарлама бойынша біздің қаламызда ең көп өтінім Жетісу ауданының тұрғындарынан түскенін ерекше атап өткім келеді. Бұл үшін шын жүректен алғыс айтамын», - деді әкім. 

Мегаполис басшысы биылғы жылы ауданда тағы 1,9 млрд теңгеге қаржыландыру ұлғайтылғанын, оның аясында Құлагер ш/а 34 аулаға ағымдағы жөндеу жүргізілетінін атап өтті.  Мақатаев және Сүйінбай көшелері бойынша 3,9 км жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды, 300 жарықтандыру тірегі қалпына келтірілді, 6 мың шаршы метрден астам алаңға гүлдер отырғызылады және 9 ғимараттың қасбеттері сәулеттік жарықтандырылды.

Үш жыл ішінде Алматыда ХҚБ бағдарламасы аясында 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба іске асырылды. Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылы осы мақсаттарға 17,1 млрд теңге бөлінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саябақ #абатттандыру #Жетісу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);