ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 1964 жылы салынған ескі ғимараттың орнына...

Алматыда 1964 жылы салынған ескі ғимараттың орнына заманауи Оқушылар үйі бой көтереді

Әлеумет 13.03.2025, 09:43 849
Алматыда 1964 жылы салынған ескі ғимараттың орнына заманауи Оқушылар үйі бой көтереді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
2025 жылы Бостандық ауданында екі жаңа мектептің құрылысы аяқталады. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев білім беру инфрақұрылымын дамыту шаралары туралы айтты.

Ұлттық «Жайлы мектеп» жобасы аясында биыл 4 мың орынға арналған 2 жаңа мектептің құрылысы аяқталады: мамыр айында – Розыбакиев көшесінде, тамыз айында – Егізбаев көшесінде.

«Биыл қыркүйек айында №73 мектеп ғимаратын қайта жаңарту және 450 орынға арналған қосымша ғимарат құрылысын аяқтау жоспарланған. 2025 жылдың соңына дейін №10 мектеп-интернаты мен №189, №191 мектептері сейсмикалық тұрғыда нығайтылып, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады, сондай-ақ, Республикалық физика-математика мектебінің ғимараты реконструкциялаудан өтеді. Ал №60 мектептің реконструкциясы осы жылдың сәуір айында басталып, 2026 жылдың қыркүйегінде аяқталады», – деді Ерболат Досаев.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің желісін кеңейту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. 2025 жылдың наурызына дейін Орбита-3 шағын ауданындағы бұрынғы балалар үйінің екі ғимараты қайта жаңғыртылады. Оның біреуі 240 орындық балабақшаға, ал екіншісі ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 100 орындық түзету балабақшасына айналады.

Сонымен қатар, №81, №87 және №137 балабақшаларында сейсмикалық нығайтылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, олар 2025 жылдың соңында аяқталады.

Айта кетейік, 2024 жылы Бостандық ауданында 801 балаға арналған 15 жеке балабақша ашылды. «Балалардың қосымша білім алуы мен дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында бұған дейін Вахтангов көшесінде орналасқан 1964 жылы салынған Оқушылар үйінің ескі ғимаратын бұзу туралы шешім қабылданған болатын. Оның орнына барлық заманауи стандартқа сай жаңа ғимарат салынды. Сәуір айында біз балаларымыз үшін ашуды жоспарлап отырмыз», – деді Ерболат Досаев.

Қазіргі заманға сай екі қабатты ғимаратта 12 шығармашылық кабинет, пікірталас клубы, бағдарламалау, 3D модельдеу, құрылымдау, фото және бейнемонтаж үйірмелері ашылады. Оқушылар үйінде аптасына 5-17 жас аралығындағы 2 мың бала білім ала алады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының Алмалы ауданында да жаңа заманауи Оқушылар үйі салынған болатын. Онда күн сайын 400 бала білім алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,442 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,332 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.