AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда 18 елдің шахматшылары бақ сынайды

Алматыда 18 елдің шахматшылары бақ сынайды

Спорт 05.06.2023, 05:37 1,498
Алматыда 18 елдің шахматшылары бақ сынайды
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда 18 елдің шахматшылары Азия чемпионы атағы мен ФИДЕ-2023 әлем чемпионатына жолдама алу үшін күресуде


Кеше Алматы қаласында Азия чемпионы атағы үшін интеллектуалдық тартыс басталды. Жексенбі күні Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында шахматтан Азия құрлықтық чемпионатының ресми ашылу салтанаты мен бірінші туры өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Салтанатты шараны турнирдің барлық қатысушыларын құттықтап, сәттілік тілеген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев,  Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) президенті, Freedom Holding Corp бас директоры Тимур Турлов және Азия шахмат федерациясының бас хатшысы Хишам Аль-Тахер ашты. 


Тимур Турлов Қазақстан 2023 жылы мемлекет басшысының қолдауының арқасында шахматтың нағыз орталығына айналғанын атап өтті.



«Халықаралық жарыстарды жиі өткізу елімізде шахматты дамытуға әрі біздің шахмат федерациясының жұмысын күшейтуге көмектеседі, осылайша болашақта бұдан да көп чемпиондар, мықты шахматшылар шығады», – деді ол.



ҚШФ президенті шахматтан Азия құрлықтық чемпионатында көрермендерді қызықты интеллектуалдық ойындар күтіп тұрғанына және турнир ондаған, жүздеген мың қазақстандық балаларды осы тамаша ойынды белсенді үйренуге шабыттандыратынына сенім білдірді.


Өз кезегінде Хишам Аль-Тахер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі шахматты дамытуға қолдау көрсеткені үшін, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен Тимур Турловқа чемпионатты осындай жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.


Ашылу салтанатынан кейін 1 тур өтті. Open-чемпионаттың бірінші турының қорытындысы бойынша қазақстандық гроссмейстер Ринат Жұмабаев қарсыласына аз да болса мүмкіндік бермей таза жеңіске жетті. Сонымен қатар Мұртас Қажгалеев, Денис Махнев, Нөгербек Қазыбек және басқалар жеңімпаз атанды.


Әйелдер чемпионатының бірінші турының қорытындысы бойынша Қазақстандық шахматшылар: Арнаш Бауыржан, Лия Құрманғалиева, Ксения Балабаева, Амина Қайырбекова жеңіске жетті.


Еске салайық, шахматтан ерлер арасындағы ашық біріншілік пен әйелдер арасындағы чемпионатты қамтитын Азия құрлықтық чемпионаты Швейцария жүйесі бойынша, ФИДЕ ережесіне сәйкес 9 турдан тұрады. Оған Азияның 18 елінен 128 мықты ойыншы қатысуда. Жарыс ағымдағы жылдың 12 маусымына дейін жалғасады. Шараның жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайды.


Ашық чемпионаттың төрт жеңімпазы және әйелдер чемпионатының екі жеңімпазы биылғы жылдың 29 шілдесі мен 25 тамызы аралығында Бакуде өтетін ФИДЕ–2023 әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады. Әлем кубогының жеңімпаздары шахмат әлеміндегі ең жоғары атақ – шахматтан әлем чемпионы атағы үшін таласады.


Шахматтан Азия құрлықтық чемпионатын ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Азия шахмат федерациясы, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы. Турнирдің бас серіктесі – Freedom Holding Corp.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #спорт #ой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);