AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда 130-дан астам көлік айыппұл тұрағында тұр

Алматыда 130-дан астам көлік айыппұл тұрағында тұр

Заң мен тəртіп 20.06.2023, 04:52 1,130
Алматыда 130-дан астам көлік айыппұл тұрағында тұр
Сурет: Polisia.kz

Себебі, олардың иелері айыппұл төлемеген. 


Осы күндері Алматыда айыппұл төлемегендерге қатысты республикалық іс-шара жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


“Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік” қағидаттарын, жасалған құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету және салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру тиімділігін арттыру мақсатында Алматы полициясы “Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.



«Іс-шараға МКД қызметкерлері мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының сот орындаушылары тартылды. Автокөліктер қарқынды жүретін орындарға патрульдік полицияның көліктері жұмылдырылған. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері де кеңінен қолданылады, оның ішінде “Қорғау – Қауіпті жүргізуші”, ол салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді автоматты түрде анықтайды», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.



Тәртіп бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылады.



«Тек біздің ауданда іс-шара жұмыстары басталғалы бері көлік иелерінің алимент, айыппұл, салық бойынша қарыздары бар 26 автокөлік ұсталып, мамандандырылған автотұраққа орналастырылды. Олардың көпшілігі қарыздарын өтеді. Айтпақшы, қаланың периметрі бойынша экологиялық бекеттерде біздің бөлімше, МКД және ЖСО қызметкерлерінен мобильді топтар орналастырылған. Бұл максималды көлік қозғалысын қамтуға және көлікте қарыздың бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді», – деді Алатау аудандық ПБ ӘПБ-нің әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Ернұр Ортаев.



Әкімшілік тәжірибе бөлімінің мәліметінше, іс-шара басталғалы 131 көлік ұсталды және айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген 8 көлік құралы, жүргізуші куәлігінсіз көлікті басқарған 61 адам, сондай-ақ мұндай құқықтан айырылған 5 адам ұсталды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #айыппұл тұрағы #көліктер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);