ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша тег...

Алматыда 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша тегін медициналық көмек жағы кеңейтіледі

Әлеумет 26.12.2025, 12:41 672
Алматыда 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша тегін медициналық көмек жағы кеңейтіледі
Өңірлік коммуникациялар қызметі
2026 жылдан бастап Алматыда 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша диагностика, бақылау мен емдеу жағы сақтандырылған мәртебесіне қарамастан тұрғындардың барлығына қолжетімді болады. Өңірлік...

2026 жылдан бастап Алматыда 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша диагностика, бақылау мен емдеу жағы сақтандырылған мәртебесіне қарамастан тұрғындардың барлығына қолжетімді болады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лайла Иманғалиева осылай деді.

Спикердің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізіміне туберкулез, АИТВ-инфекциясы, қатерлі ісіктер, созылмалы вирусты гепатиттер мен бауыр циррозы, психикалық және мінез-құлықтағы ауытқулар, орфандық аурулар, эпилепсия, инсульт пен жедел миокард инфаркті, сондай-ақ жүйке жүйесіне қатысты біраз ауру кіріпті.

«Маңызды өзгерістің бірі – әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққан жағдайда науқастың сақтандырылған мәртебесіне қарамастан қажетті диагностикалық тексерулер тағайындалады. Бұған дейін мұндай мүмкіндік туберкулез немесе АИТВ-инфекциясын жұқтырды деген күдік болған кезде ғана қарастырылған еді», – деді Лайла Иманғалиева.

Ол 2025 жылғы қыркүйектен бастап Алматының барлық тұрғыны онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында скринингтік тексерулерден тегін өтетінін де еске салды. Бұрын мұндай мүмкіндікке сақтандырылған азаматтардың ғана қолы жететін. 

Сонымен қатар 2026 жылдан бастап МӘМС пакеті де кеңейтіледі. Оған диспансерлік есепте тұрған созылмалы аурулары бар науқастар, оның ішінде қант диабеті, артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, бүйрек, тыныс алу ағзалары, тірек-қимыл жүйесі аурулары мен басқа да дертпен ауыратын азаматтар енгізіледі.

«Бұл пациенттерге дәрі-дәрмекпен қамтылып, амбулаториялық және стационарлық жағдайда емнің барлық қажетті түрін, оның ішінде қымбат препараттар алуына мүмкіндік береді», – деп атап өтті Лайла Иманғалиева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.