Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 103 төсек-орындық жатақхана ашылды

Алматыда 103 төсек-орындық жатақхана ашылды

Әлеумет 19.09.2024, 15:32 1,090
Алматыда 103 төсек-орындық жатақхана ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жеке инвестициялардың есебіне салынған  103 төсек-орындық заманауи жатақхана ашылды. Мұнда студенттерге жайлы бөлмелер, ас бөлмесі, оқуға және демалуға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, интернетпен (wi-fi) қамтамасыз етілген коворкинг аймағы да қарастырылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Жатақхана керемет! Бөлмелері кең әрі жарық, қажеттінің бәрі бар. Асхана да өте ыңғайлы, тағамдары дәмді. Wifi жылдамдығы да тамаша, сабақ оқуға өте ыңғайлы», - деді жатақхана тұрғыны Ербол Балтабаев.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, оқу жылы басталғанға дейін Алматыда 1920 орындық 6 жатақхана ашылды, ал жыл соңына дейін Алматы қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен 3105 орындық 4 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. 2024 жылы жалпы 5025 орындық 10 нысанды, 2025-2026 жылдары 34 295 орындық 33 нысанды пайдалануға беру көзделген. 

«Менің жатақханам өте ыңғайлы. Коворкинг аймағы заманауи жабдықтармен қамтылған, сондықтан сабағымды оқып, жобаларымды жасау үшін тамаша орын. Жұмыс істеп отырған кезде басқа студенттермен қарым-қатынас жасап, тәжірибе алмасуға да мүмкіндік бар. Сонымен қатар, жатақханамның аялдамаға жақын орналасуы өте ыңғайлы. Кез келген бағытқа барарда уақытты үнемдеп, қала ішінде еркін қозғала аламыз», - деді студент Әділет Досымбеков.

Естеріңізге сала кетейік, жатақхана құрылысын тиімді үйлестіру үшін студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобалық кеңсе жұмыс істеп тұр. Жобалық кеңсенің негізгі міндеті Алматы қаласында жатақханалар құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау. Жобалық кеңсе ашылғаннан бастап 120 әлеуетті инвестор жүгінді, оның 67-сі қазір жұмысқа кіріскен, бұл қолдау механизмінің тартымдылығын көрсетеді.

Анықтама үшін: +77015282837 – студенттік жатақхана құрылысы бойынша жобалық кеңсенің басшысы Дамир Кутумов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жатақхана #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.