AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда 100 пайыз жарықтандыру қашан болатынын Ер...

Алматыда 100 пайыз жарықтандыру қашан болатынын Ерболат Досаев айтып берді

Әлеумет 06.09.2024, 12:07 2,258
Алматыда 100 пайыз жарықтандыру қашан болатынын Ерболат Досаев айтып берді
Almaty-akshamy.kz

Алматыдағы сыртқы жарықтандыру үлесі 2024 жылы 85%-ға дейін жеткізіліп, 2025 жылы 100%-ға жетеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарының сұрағына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

«Әр аудан бойынша жарықтандырылмаған көше бар. Бізде сол көшелерді жарықтандыруға арналған бағдарлама бар. Бостандық ауданында мұндай 54 көше бар. Бұл мәселе «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы немесе тікелей қаржыландыру арқылы шешіледі. Сонымен қатар, «Алматы қала жарық» қызметінің тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды. Тұрғындардың өтініші ескерілді. Көшелер мен аулаларды жарықтандыруға бөлінген қаражат аудандарға бөлінді, - деп қала әкімі жағдайдың айтарлықтай жақсарғанын, бірақ әлі де жетілдіру қажет екенін атады. 

Ерболат Досаевтың айтуынша, сыртқы жарықтандыру мәселесімен қоса, саябақтарды жарықтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік жарықтандыру жайы да шешіліп келеді. 

Бостандық ауданында биыл жыл басынан бері 1 846 шам ауыстырылған. Биыл күзде тағы 267 тірек пен шам ауыстырылды. Осы күзде шамдары бар тағы 267 тірек орнатылады. Сонымен қатар, 2024 жылдың соңына дейін 9 ескерткішке түнгі жарықтандыру орнату жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жарықтандыру #Алматы #Алматы қала жарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);