AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда 10 мыңға жуық жүргізуші көліктерін тұраққ...

Алматыда 10 мыңға жуық жүргізуші көліктерін тұраққа дұрыс қоймаған

Заң мен тəртіп 23.05.2024, 12:36 958
Алматыда 10 мыңға жуық жүргізуші көліктерін тұраққа дұрыс қоймаған
Сурет: Polisia.kz

Сол үшін олар жазаланып та үлгерді. Алматыда көліктерді тұраққа қою ережелерін бұзу деректерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Полицейлер эвакуаторлардың көмегімен заңсыз қойылған көлікті мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Жыл басынан бері автотұрақ ережесін бұзған 9963 адам жауапкершілікке тартылды. “Аялдауға тыйым салынады” және “Тұраққа қоюға тыйым салынады” белгілерімен белгіленбеген орындарға көлік қоятын жүргізушілерді анықтау мақсатында жергілікті жерлерде тұрақты түрде іс-шара жүргізілуде. Сонымен қатар алдыңғы шептегі бөлімшелердің қызметкерлері автобустардың жүруін қиындатып, кептелістің пайда болуына ықпал ететін қоғамдық көлік аялдамаларында көліктерді тұраққа қою сияқты өрескел бұзушылықтарды анықтауда және жоюда. Тәжірибе көрсеткендей, рейдтер мен іс-шараларды өткізу қаладағы көліктердің өткізу қабілетіне, жүргізуші тәртібі мен жүргізу мәдениетін арттыруға оң әсерін тигізеді", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Жергілікті рейдтерді өткізу кезінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хабарлаған мүдделі азаматтардың сигналдарын белсенді пайдаланады.

"Қаламыздың тағдырына бей-жай қарамайтын осындай белсенділерге алғысым шексіз. Сондай-ақ, барша азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Заңды және тәртіпті сақтауды өзімізден бастау керек, сондықтан заңға бағыну өте маңызды, бұл қаладағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлесімізді қосуды білдіреді", – деді Шумаев.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көлік #тұраққа қою
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);