AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда 1 маусым қарсаңында балаларға қауіпсіздік...

Алматыда 1 маусым қарсаңында балаларға қауіпсіздікті үйрететін 183 іс-шара өтті

Барлығы 30.05.2025, 12:06 848 dulatbekova
Алматыда 1 маусым қарсаңында балаларға қауіпсіздікті үйрететін 183 іс-шара өтті
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» іс-шаралар кешеніне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Шара туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Жұматаев баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Іс-шараның аясында қоғамдық орындарда, БАҚ пен әлеуметтік желілерге жарияланған 724 ақпараттық материал жарық көрді. Ата-аналары мен балаларды қосып есептегенде, ол материал 14 987 адамды қамтыған.  

 ТЖ жөніндегі департаменттің ақпаратына қарағанда, мемлекет басшысының IV ұлттық құрылтайда «Қазақстан балалары» атты бағдарлама әзірлеуді тапсырғанына байланысты, балаларға қауіпсіздіктің алғышарттарын үйретіп, өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандығына құрметпен қарауды оқытатын ауқымды іс-шаралар болып өткен. 

29 мамыр күні Медеу ауданы әкімдігі, Республикалық жедел-құтқару жасағы және ҚР ТЖМ Төтенше медицина орталығының қолдауымен 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өткен ауқымды іс-шараға 500 бала қатысты. Балалар өрт сөндіру мен құтқару техникаларын көріп, кинологиялық қызметтің жұмысымен танысты. Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайлар кезіндегі мінез-құлық ережелері бойынша шеберлік сағаттары өтті.

Іс-шара аясында «Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер балардың көзімен» атты сурет байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтар табысталды. Бұл байқауға балалар ерекше ықыласпен қатысты.  

Мерекелік көңіл күйді аниматорлар мен қаланың символы барыс қолдады. Сонымен бірге, ҚР ТЖ министрінің бейнеқұттықтауы мен қауіпсіздік тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді.

Әлеуметтік осал санаттағы балалар да назардан тыс қалмады. 26 мамырда ТЖД қызметкерлері SOS Children’s Village Almaty балалар ауылында «Қауіпсіздік шекарасыз» атты көшпелі іс-шара өткізді.

«Іс-шара барысында балаларға өрт кезіндегі эвакуация тәртібі түсіндіріліп, өрт сөндіру техникалары мен жабдықтары көрсетілді. Сонымен қатар, арнаулы киімді киюден жарыс ұйымдастырылып, алғашқы көмек көрсету мен судағы қауіпсіздік ережелері бойынша сабақ өтті», – деді, Еркебұлан Жұматаев.

Мереке қуыршақ театрының қойылымымен, марапаттар мен сыйлықтар табыстаумен аяқталды.

Сонымен қатар, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында емделіп жатқан бүлдіршіндерге арнап та мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды. Ал Бостандық ауданының ТЖ басқармасы Республикалық спорт колледжі базасында балаларға қалай жүзу керектігін үйрететін дәріс өткізді.

Департаменттегілер мұндай іс-шаралар балалардың көзін ашып, олар оқыс оқиға кезінде қауіпсіздік мәселесіне жауаптырақ қарауды үйренетінін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#1 маусым #балалар #қауіпсіздік #іс-шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);