Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Алматыбасжоспар» ҒЗИ-да ғылыми журнал жарық көрд...

«Алматыбасжоспар» ҒЗИ-да ғылыми журнал жарық көрді

Әлеумет 20.03.2024, 11:38 1,025
«Алматыбасжоспар» ҒЗИ-да  ғылыми журнал жарық көрді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ғылыми-зерттеу институтының «Uly dala» ғылыми журналы әлеуметтік және қалалық зерттеулерге бағытталған.


Әр шығарылымда түпнұсқа мақалалар, сондай-ақ сұхбат, рецензиялар  жарияланады.


Журналды басып шығарудағы негізгі мақсаты -- қалалық және әлеуметтік зерттеулер саласындағы өзекті іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесін жариялау. «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ғылыми бөлімі салалық ғылыми зерттеулерге арналған журнал шығаруға бастамашы болды.



«Журналды дамытуға орай, сарапшылар мен мамандарды идея айтуға, тәжірибе бөлісуге шақырамын. Осылайша, біз неғұрлым тұрақты, креатив және функциялық сәулет шешімдерін бірге құра аламыз», -- деп атап өтті Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Нұрлан Боранбаев.


«Журналдың ғылыми басылымдарында қала құрылысы, қала және одан тыс жерлердегі әлеуметтік қатынас, экология, ландшафт және қоршаған ортаны жобалау мәселелері талқыланады. Материалдардың басым бөлігі әлеуметтік-экономикалық зерттеулер, құқықтық реттеуді талдау, қалалық және өңірлік жоспарлау, аумақтардың инфрақұрылымдық және мәдени даму, табиғи және қалалық ортаны, көлік пен ұтқырлықты дамытуға арналады», -- дейді «Алматы бас жоспары» ҒЗИ бас директоры Асхат Садуов.



Авторлардың айтуынша, журнал заманауи сәулет пен қала құрылысының өзекті мәселелерін талқылау және шешу, озық әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқару тәжірибесін анықтау және тарату үшін бірыңғай коммуникациялық алаң құруға ықпал ететін болады.



«Ғылыми басылым ҒЗИ-дың жобасы, әзірлемесі мен қызметін көрсететін болады. Мысалы, «Алматыбасжоспар»  қаланың аэрациясын әзірлеуге қатысты қазір қала аумағындағы барлық тарихи ескерткіш пен қорғандарды түгендеу жөніндегі жұмысы, халықаралық тәжірибе алмасу жүргізілуде. Біз барлық ғылыми жұмыс туралы журналымызда жазатын боламыз. Сондай-ақ,  урбанистер мен сәулетшілерді журналдың дамуына өз үлесін қосуға шақырамыз», -- деді «Алматы бас жоспары» ҒЗИ» ЖШС ғылым жөніндегі директоры Ерлан Салтыков.



Бірінші шығарылымға мынадай материалдар кірді: Алматы қаласындағы ауа сапасына әсер ететін аспекті мен ықтимал жоспарлау шешімдері, қала тұрғынының сауалнамасын әзірлеушілермен сұхбат, реттеудің ұтқыр тәжірибесі, соның ішінде, дизайн-код пен халықтың қатысу бюджеті, өңірлердегі ауылдық көші-қон пен үйге деген көзқарас, қалалық қоғамдастық пен жаңа тұрғын үй кешендеріндегі жаңа орта таптың қалыптасуы, т.б. Журнал жылына төрт рет (тоқсан сайын) шығады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматыбасжоспар #ғылыми журнал #зерттеулер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.