AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы жастары мен шетелдік діни білім: қауіп-қате...

Алматы жастары мен шетелдік діни білім: қауіп-қатер және алдын алу шаралары

Заң мен тəртіп 04.03.2026, 17:15 675
Алматы жастары мен шетелдік діни білім: қауіп-қатер және алдын алу шаралары
Сурет: MADENIPORTAL.KZ

Соңғы жылдары радикалды идеологияның ықпалына түскен кейбір жастардың елге оралуы Алматы үшін де қауіп төндіруде. Пәкістан мен Египеттегі күмәнді діни оқу орындарында білім алған азаматтардың дәстүрлі исламды жоққа шығарып, отбасыларымен байланысын үзу деректері тіркелген.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында идеологиялық вакуум қалыптасып, оны түрлі діни ағымдар тез толтыра бастады. Алматыда мешіттердің саны артса да, білікті кадрлардың тапшылығы байқалады. Бұл олқылықты шетелдік медреселер мен бейресми уағызшылар толықтырады, олар кейде дәстүрлі ислам түсінігіне жат риторика қолданады.

Зерттеулерге сәйкес, 18–29 жас аралығындағы алматылық жастардың басым бөлігі діни ақпаратты әлеуметтік желілерден алады. Дәстүрлі діни институттардан білім алатындар айтарлықтай аз. Бұл радикалды идеялардың «шынайы білім» ретінде таралуына қолайлы жағдай жасайды. 2022 жылы қалада блогер ықпалына түскен бірнеше оқушы мектепке барудан бас тартып, ата-анасымен байланысын үзген оқиға тіркелді.

Шетелдік діни білім алу үрдісі де алаңдатады. Қазіргі уақытта қазақстандық жастардың бір бөлігі мәртебесі күмәнді оқу орындарында білім алуда, көбіне Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия елдеріне барады. Кейбір медреселер шәкіртақы, тегін тұру мен тамақ ұсына отырып, әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардың балаларын тартады. Сонымен қатар, «шынайы исламды тек шетелде үйренуге болады» деген қате түсінік те жастарды сол оқу орындарына итермелейді.

Мамандар Алматыдағы жастарды қауіптен қорғау үшін бірнеше шара ұсынады:

  • Әлеуметтік желілердегі радикалды контентті бақылау және білімді мамандардың ресми платформаларын насихаттау;

  • Мектептер мен жоғары оқу орындарында діни сауаттылықты арттыруға арналған сабақтар мен семинарлар өткізу;

  • Теологтар, имамдар және дінтанушылардың қатысуымен жастарға арналған ашық диалог алаңдарын ұйымдастыру;

  • Отбасы институтын нығайту арқылы жастардың құндылықтық бағдарын қолдау.

«Алматыдағы жастарға тек шынайы әрі сенімді ақпарат көздерімен жұмыс жасау маңызды. Діни сауаттылық пен сыни ойлауды дамыту арқылы радикалды ағымдардың ықпалын төмендетуге болады», – дейді мамандар.

Материал Алматы қаласы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #діни білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);