AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Алматы зейнеткерлері алда өтетін референдумды қолд...

Алматы зейнеткерлері алда өтетін референдумды қолдайды

Референдум - 2022 17.05.2022, 08:17 956
Алматы зейнеткерлері алда өтетін референдумды қолдайды
Cуреттер: Almaty-akshamy.kz

Алматы зейнеткерлері: "Біз қоғамдық-саяси іс-шаралардың алдыңғы қатарындамыз!"


Бұл туралы Алмалы ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары Amanat партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесуде мақтанышпен мәлімдеді. Бүгінгі күні аталған орталықта шамамен 3500 адам тіркелген, күн сайын мұнда  екі жүзден астам адам келеді. Көрсетілетін қызметтердің саны әр түрлі курстардың 20-дан астам түрін құрайды.



Мәжілісмендер Қанат Нұров пен Сырым Адамбаев аудан зейнеткерлерінің белсенді әрі жігерлі жолдауын, сондай-ақ олардың алдағы референдум бойынша хабардарлығын шабытпен қабылдады.


Орталық қатысушылары, әсіресе, облыс, республикалық маңызы бар қалалар және елорда әкімдерін сайлау бөлігіндегі түзетулерді бағалады. Өйткені, ел халқы Конституцияға түзетулерді мақұлдаған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және ел астанасының әкімдерін мәслихат депутаттарының келісімімен Мемлекет басшысы қызметке тағайындайтын болады. Бұл ретте дауыс беру үшін кемінде екі кандидатура ұсынылатын болады. Дауыс беруге қатысқан депутаттардың көп дауысын алған кандидат келісім алған болып есептеледі. Тек осы әкімдерді ғана Мемлекет басшысы жұмыстан шығара алады".



"Біздің орталықтың жетекшісі Әсия Ақанова – AMANAT партиясының мәслихат депутаты! Сондықтан мегаполис әкімінің келесі сайлауында депутаттар біздің пікірімізді де ескеретіні жақсы", - деп атап өтті кездесуге қатысушылар.



Алмалы ауданының зейнеткерлерімен тағы да бірнеше түзетулерді түсіндіріп, талқылаған мәжіліс депутаттары Қанат Нұров пен Сырым Адамбаев орталық қатысушыларының жоғары хабардар екендігін, сондай-ақ олардың өз аулаларында және қалалық іс-шараларда түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайындығын атап өтті.


Естеріңізге сала кетейік, Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жаппай дамуы партияның Алматы қаласы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зейнеткерлер #референдум #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);