ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы волонтерлері ҰОС ардагерлеріне қамқорлық к...

Алматы волонтерлері ҰОС ардагерлеріне қамқорлық көрсетуде

Әлеумет 18.04.2025, 19:10 728
Алматы волонтерлері  ҰОС ардагерлеріне қамқорлық көрсетуде
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматы волонтерлері «Ардагерге құрмет» қайырымдылық акциясы аясында ҰОС ардагерлеріне қамқорлық көрсетуде

Алматы волонтерлері «Ардагерге құрмет» қайырымдылық акциясы аясында ҰОС ардагерлеріне қамқорлық көрсетуде

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында «Ардагерге құрмет» атты ауқымды қайырымдылық акциясы өтті. Акция аясында Алматы қаласының еріктілері соғыс ардагерлеріне тұрмыстық және әлеуметтік қолдау көрсетіп, ардагерлерге деген шексіз құрмет пен ризашылығын білдірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Еріктілер ардагерлердің үйлеріне барып, азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізді, сондай-ақ тұрмыстық шаруаларға көмек көрсетті. Бұл акция тек аға буынға деген қамқорлықтың көрінісі ғана емес, сонымен қатар жастар мен ардагерлер арасындағы ұрпақтар сабақтастығын нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Акция аясында Алматы қаласында тұратын барлық 21 ҰОС ардагерін қамту жоспарланып отыр.

«Біз ардагерлерге жай ғана көмек көрсетіп жатқан жоқпыз. Бұл – ерлікке тағзым, тарихқа құрмет. Олардың әрбір естелігі – біз үшін тірі шежіре. Осындай кездесулер арқылы біз шынайы патриотизм мен жауапкершілік сезімін үйренеміз», – деп ерікті Шәмші Құдайберген атап өтті.

Еріктілер атап өткендей, бұл бір реттік шара емес. Ол – алматылық жастардың жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан тұрақты бастамасының құрамдас бөлігі. Алматы қаласының еріктілері мұндай қайырымдылық іс-шараларын үнемі ұйымдастырып отырады. Мәселен, қыс мезгілінде олар ардагерлер мен зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартуға көмектесіп, коммуналдық қызмет өкілдеріне ыстық шай тарату бойынша акциялар өткізеді. Бұл бастамалар – жастардың белсенді азаматтық ұстанымының, қоғамдағы бірліктің және адамдарға деген шынайы жанашырлықтың айқын көрінісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,310 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.