Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы волонтерлері Жаңа жыл қарсаңындағы қайырымд...

Алматы волонтерлері Жаңа жыл қарсаңындағы қайырымдылық акциялары туралы айтты

Әлеумет 28.12.2022, 10:49 1,742
Алматы волонтерлері Жаңа жыл қарсаңындағы қайырымдылық акциялары туралы айтты
Сурет: Bykvu.com

Бұл шараларға 50-ге жуық ерікті қатысып жатыр.


Жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық шаралары жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Жыл сайын волонтерлер халықтың әртүрлі санаттарын қамтуға тырысады. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының төрайымы, Алматы қаласы әкімі жанындағы жастар кеңесінің мүшесі Бағдат Анарбаева мен Алматы қаласы Жастар ресурстық орталықтарымен жұмыс бөлімінің басшысы Жанар Арнаева тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жаңа жыл қарсаңынла волонтерлер балалар мен жалғызбасты зейнеткерлердің қауанышын бөліседі. Алматының балалар үйінде демеушілердің қолдауымен Аяз атаға жазылған хаттар негізінде балаларға сыйлықтар беріледі.



«Жаңа жыл – ең алдымен отбасылық мереке. Сондықтан мұнда көптеген волонтерлік ұйымдар мұқтаж отбасыларды құттықтайды, бірақ біздің ұйым бұл мерекені отбасымен бірге тойлауға мүмкіндігі жоқ адамдарға қамтуды мақсат етіп отыр. Сондықтан осы құттықтау аясында негізгі санаттар ретінде біз жалғызбасты зейнеткерлерді, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды таңдадық», - деді «QAMQOR CHARITY» ҚҚ төрайымы. 



Спикерлердің атап өтуінше, Мейірімділер клубының бастамасымен кеше Алматы қаласының Ардагерлер үйінде құттықтау акциясы өтті. Концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды. Бүгін балаларды құттықтау басталды, 30-31-не қарай өз үйлерінде тұрып жатқан жалғызбасты зейнеткерлерді құттықтауды жоспарланып отыр.



«Алматыда қайырымдылық шаралары мен құттықтау шараларын өз деңгейінде ұйымдастыратын 30-дан астам ірі волонтерлік ұйым бар. Біздің акцияларымызға 50-ге жуық ерікті қатысуда. Көбіне олар ұйымдастыру сәттерінде,  сыйлықтарды таңдау мен сатып алуға көмектеседі», - деді Б.Анарбаева.



Брифинг соңында спикерлер бұл акциялардың жыл сайын өткізілетінін және әр жылы олардың нысаналы аудиториясы өзгеріп отыратынын айтты.



«Біздің акциямызды қаламыздың кәсіпкерлері қолдап отыр. Олар біздің зейнеткерлерге де, балаларға да сыйлық алуға көмектеседі. Акцияларды волонтерлік ұйымдар ұйымдастырады, бірақ демеушілер қаржыландырады. Алматы қаласының әкімдігі өз тарапынан бұл шараларды ұйымдастыруға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді», - деп түйіндеді сөзін Б.Анарбаева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ерікті #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.