Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Almaty Ustazy» жеңімпазын анықтайтын күн таяп қал...

«Almaty Ustazy» жеңімпазын анықтайтын күн таяп қалды

Әлеумет 18.09.2024, 09:56 667
«Almaty Ustazy» жеңімпазын анықтайтын күн таяп қалды
Сурет: 24.kz

«Almaty Ustazy» байқауы биыл төртінші мәрте өтіп жатыр. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өткізіліп жатқан байқаудың мақсаты – педагогтердің таланты мен шығармашылық әлеуетін анықтау, озық педагогикалық тәжірибені тарату, педагог мәртебесін арттыру.

Иә, «Almaty Ustazy» талантты және шығармашылықпен жұмыс істейтін жас мұғалімдерді анықтауға және қолдауға, педагогтердің беделін көтеруге және насихаттауға бағытталған. Мұндай байқау қаланың жас педагогтері  арасында өзекті және сұранысқа ие, өйткені бұл алаңда көптеген пайдалы ақпарат алуға, жаңа әдістер мен технологиялар туралы білуге, білімдері мен   қабілеттерін көрсетуге және тексеруге болады. 

Сонымен, «Almaty Ustazy» байқауы 3 кезеңде өтуде. Биыл оған 1513 жас педагог тіркеліп, 780 мұғалім өз материалдарын жүктеді. Бірінші кезең онлайн режимінде «Almaty Ustazy» байқауының uzdikustaz-nobd.edu.kz электрондық платформасында өтті. Онда 11 оқу пәні бойынша 158 мектептен 780 педагог өз жұмыстарын ұсынды. Қатысушылардың жұмысын 70 сарапшы бағалады. Байқаудың  іріктеу қорытындысы бойынша екінші кезеңге сарапшылар әртүрлі пәндер бойынша 110 қатысушыны жіберді. Олар биылғы мамырда 20 мектеп базасында байқау сабақтар өткізді.

– Енді үшінші, қорытынды кезең 20 қыркүйекте Алатау ауданының Инновациялар және шығармашылық орталығында өтеді. Онда қаланың оза шапқан үздік 12 педагогі 11 оқу пәні бойынша өздерінің жобалық жұмыстарын ұсынады. Соңғы кезең екі бөлімнен тұрады, яғни «Мен  – мұғалім көшбасшымын» жобасын қорғау және «Қазіргі білім берудің өзекті міндеттері»  тақырыбындағы пікірталас. Соңғы кезеңді пән бойынша комиссия төрағалары және Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайфеденов Сайран Тапенұлы бағалайтын болады. Финалистердің алты жеңімпазы халықаралық білім беру тағылымдамасына бара алады, онда мектептердің жұмысымен танысады және шетелдік білім беру мекемелерінің жұмысында практикалық тәжірибе жинақтайды, – дейді Алматы қаласы Білім басқармасының өкілі Дәулет Байсұлтанов.

Жеңімпаздар Мұғалімдер күніне орай 4 қазанда Республика сарайында салтанатты жағдайда марапатталады. Ал гран-при иегеріне 5 000 000 теңгенің сертификаты табысталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ұстаз #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.