ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы ұстаздарына «Саламатты мектеп» жобасы таныс...

Алматы ұстаздарына «Саламатты мектеп» жобасы таныстырылды

Әлеумет 18.11.2024, 09:05 1,308
Алматы ұстаздарына «Саламатты мектеп» жобасы таныстырылды
Алматы қаласы Білім басқармасы
Елімізде «Саламатты мектеп» жобасының жүзеге асырыла бастағанына көп бола қойған жоқ. Айта кетейік, аталған жоба баланың мектепте қалай тамақтанатынынан бастап, күнделікті өмір сүру салтына мән...

Елімізде «Саламатты мектеп» жобасының жүзеге асырыла бастағанына көп бола қойған жоқ. Айта кетейік, аталған жоба баланың мектепте қалай тамақтанатынынан бастап, күнделікті өмір сүру салтына мән беретін салауатты ұрпақ қалыптастыру бағытын ұстанған. 

«Саламатты мектеп» бойынша республиканың барлық өңірінде семинарлар басталған-ды. Сондай маңызды басқосулардың бірі Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен 

№34 гимназияда өтті. Оған шаһардағы барлық мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер, мектеп медбикелері мен СЭС мамандары, бас-аяғы 200-ден астам адам қатысты. 

Семинар Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен Қазақстан Республикасында мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде ұйымдастырылды.
Спикерлер – Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының балалар мен жастардың денсаулығын нығайту бөлімінің бас маманы Жансая Хамит пен аталған орталықтың жұқпалы емес аурулар профилактикасы бөлімінің бас маманы Диана Тұрғынова мектеп деңгейіндегі индикаторлар туралы тарқатты. Яғни оқушылардың тамақтануы, физикалық белсенділік, санитария және гигиена тақырыптары жеке-жеке қаузалды. Себебі, бұл мәселелер әлі де өзекті болып отырған көрінеді. 

Сондай-ақ, «Саламатты мектеп» бастамасын іске асырудың ұлттық моделі, никотин мен темекіге қатысты мектеп саясаты таныстырылды. Иә, балалар арасындағы буллинг, темекіге әуестік, жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсетін жағдайлары да кеңінен қозғалды.

Семинарға жиналғандар төрт топқа бөлініп, «Саламатты мектеп» жобасын талқылады. Ұсыныс-пікірілерін ортаға салды. Алматы ұстаздарының тарапынан баланың дені сау, еңсесі биік, сабақ үлгерімі жақсы болуы үшін мектеп ішінің жарық болуы да маңызды екендігі айтылды. Кейбір мектептерде спорт залының барлық сыныпқа біреу екені, кем дегенде екі спорт залы болуының маңыздылығы да қозғалды. Мектеп асханаларында ұстаздың бөлек отырып түстенетін арнайы аймағы болуы керектігі де тілге тиек болды. Сондай-ақ, ата-аналар арасында жасөспірім қыз балаларға адам папиллома вирусына қарсы егілетін вакцина туралы да түсіндіру жұмыстарын ширату керектігі айтылды.

Бұл жүздесудің «Саламатты мектеп» жобасын тиімді жүзеге асыру үшін өңірлік және жергілікті үйлестірушілер, мектеп өкілдері мен ата-аналардың әлеуетін арттыруда маңызды болғаны анық.

– 2015 жылмен салыстырғанда 2020 жылы таңғы асқа мән беретін балалар саны өскен. Яғни 2015 жылы күнде таңертең тамақтанатын оқушылар саны 49,4% болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 74,5%-ға жеткен. Дегенмен, балалардың көкөніс пен жеміс-жидекті тұтыну деңгейі көңіл көншітпейді. Мәселен, 2015 жылы көкөністі күнде тұтынатын жеткіншектер саны 30,2% болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш небәрі 3%-ға ғана өскен. Күнде жеміс жейтіндер санына да 3% ғана қосылған. Айтпақшы, тәтті шырынды көп ішетін балалар денсаулығы да алаңдатады. Мәселен, 2015 жылы тәтті сусындарды күнде ішетін өрендер саны 10,9% болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 16,7%-ға көтерілген. Ал тәтті сусындарды шектен тыс тұтыну дұрыс тамақтану салтына жатпайтынын балалар біле бермеуі мүмкін. Сондықтан жас ұрпақтың денсаулығына ата-ана, ұстаз болып бірігіп мән беруіміз керек, – дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының балалар мен жастардың денсаулығын нығайту бөлімінің бас маманы Жансая Хамит.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.