Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы ҰОС емханасында күндізгі стационардың жаңар...

Алматы ҰОС емханасында күндізгі стационардың жаңартылған корпусының салтанатты ашылуы өтті

Әлеумет 05.05.2023, 09:44 1,287
Алматы ҰОС емханасында күндізгі стационардың жаңартылған корпусының салтанатты ашылуы өтті
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында ҰОС қалалық емханасында 22 төсек-орындық жаңартылған күндізгі стационар ашылды.


Ашылу салтанатына: емдеу-алдын алу қызметі мен мониторинг, талдау, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Лайла Иманғалиева, қалалық ардагерлер кеңесінің медициналық комиссиясының төрағасы Семен Шериязданов, Алмалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батай Кабылов, Қазақстан Республикасы "Чернобыль ардагерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Халел Төреғалиев, Ауғанстандағы соғыс ардагерлері және мүгедектері үйлестіру кеңесінің төрағасы  Мұрат Абдушукуров, Қазақстан Республикасының "Чернобыль ардагерлер одағы" және "Аса қауіпті сарбаз" ҚБ төрағасының орынбасары Валерий Перминов, сонымен қатар Алмалы ауданының РМҰ басшысы Әсел Хамидулла қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Күндізгі стационарда Ұлы Отан соғысының ардагерлері, интернационалист жауынгерлер, Чернобыль апатын жоюшылар, сондай-ақ Семей ядролық полигонының әсерінен зардап шеккен адамдар емделіп, денсаулығын нығайтатын болады. 



«Жөндеу жұмыстары демеушілердің көмегімен қысқа мерзімде - 35 күн ішінде ұйымдастырылып орындалды. Құрылысшылар Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне ардагерлерімізге сыйлық жасау үшін осында өмір сүрді деуге болады. 
Күндізгі стационар 22 төсек-орынға есептелген. Мұнда қабырғадан басқасының бәрі ауыстырылды. Сапалы медициналық көмек көрсету үшін шақыру түймелері орнатылды, әрине, біз көрсетілетін көмектің көлемін арттырамыз және, менің ойымша, осы ыңғайлы жағдайларда емделетін пациент "қабырғалар да емдейді" демекші, тезірек сауығады. Осындай тамаша жағдайда емделу сауығуды жеделдетеді. Біз дәрігер ретінде, медициналық персонал ретінде барынша сапалы ем көрсетеміз», - дейді ҰОС емханасының бас дәрігері Мұрат Қайдаров.



Айта кетейік, ҰОС қалалық емханасы бір ауысымда 500 келуге есептелген, мұнда 28 мың тіркелген халық емделеді, соның ішінде 15 адам ҰОС ардагері және 103 жастағы Ұлы Отан соғысының 1 мүгедегі, 3 мыңнан астам жеңілдік тобы – Чернобыль АЭС оқиғасына қатысушылар, ауған соғысының ардагерлері, еңбек майданының қатысушылары, Семей полигоны сынақтарына ұшыраған адамдар, желтоқсаншылар және т.б. бар.


Айта кетейік, Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ҰОС қалалық емханасының жаңа ғимаратын үлгілік стандарт бойынша салу туралы шешім қабылдады. 


Қазір жаңа корпус салу үшін жобалық құжаттама әзірленіп жатыр.



Соңында Қазақстан Республикасы "Чернобыль ардагерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Халел Төреғалиев барлығын осы айтулы күнмен құттықтады.



«Мен мұндай іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Мен мұнда 18 жыл бұрын болдым. Жаңартылған күндізгі стационардың ашылуы біздің қаламыз үшін өте өзекті, менің ойымша, ауруханаға жатқызуды айналып өтіп, бірқатар мәселелер шешілетін болады. Мереке қарсаңында бұл біздің ардагерлеріміз үшін үлкен сыйлық деп санаймын және емханадағы кез келген жаңа бастама бізді әрқашан қуантады. Баршамызды жаңа күндізгі стационардың ашылу күнімен құттықтағым келеді», - деп атап өтті ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күндізгі стационар #жаңартылған корпус #салтанатты ашылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.