Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы тұтынушыларына 66 млн теңгеден астам қаража...

Алматы тұтынушыларына 66 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

Әлеумет 21.07.2023, 06:22 1,044
Алматы тұтынушыларына 66 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

2023 жылдың басынан Алматы қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне 3 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Жоспардан тыс тексерулер мен заңгерлік кеңес беру нәтижелері бойынша тұтынушыларға 66 775 325 теңге қайтарылды. Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде департамент басшысының орынбасары Нұрлыбек Бимұрзаев келтірді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Келіп түскен барлық өтініштердің 1087 - і қанағаттандырылды, 924 - і бойынша түсініктемелер берілді , 235-і қайта жіберілді.



«2023 жылдың алты айында келіп түскен өтініштердің негізінде департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағыты бойынша мемлекеттік бақылау жүргізу барысында 59 әкімшілік хаттама жасады, оның ішінде жоспардан тыс тексерулер жүргізумен 20, нәтижесінде ескерту түрінде 53 қаулы және жалпы сомасы 414 000 теңге салумен 6 айыппұл салынды», - деді Н. Бимұрзаев.



Спикер Қазақстанда 2020 жылдан бастап тұтынушылардың шағымдарын қараудың көп сатылы жүйесі (сатушы – мемлекеттік органдар – сот) жұмыс істейтінін, оның шеңберінде «мемлекеттік» және «қоғамдық» бақылау енгізілгенін, кәсіпқойлар арасынан құқық қорғаушылардың тізбесі қалыптастырылғанын еске салды. Бұл механизм сатушы алдындағы тұтынушылардың шағымына жауап беру міндеттемесін, тұтынушының құқықтарын қамтамасыз ету алгоритмін сол жерде және сол сәтте қарастырады.



«Бірінші кезеңде сатушы сатып алушының талабын өз бетінше немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдарды тарта отырып қарауға міндетті. Бұл шағымдарды сол жерде және сол сәтте бейбіт жолмен шешуге болатын алғашқы кезең. Бұл жағдайда үкіметтік емес ұйымдар дауды сотқа дейінгі реттеу субъектілері ретінде әрекет етеді. Екінші кезең мемлекеттің қосылуын қамтиды. Яғни, егер сатушы келісімге келу ниеті болмаса, шағым тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе басқа мамандандырылған органға жіберіледі. Мысалы, егер сатушы таразыны бұрап қойса немесе онлайн-дүкен тауар жібермесе, онда ол алаяқтыққа «болуы мүмкін» және ІІМ органдарының жұмыс саласы болып табылады. Сотқа жүгіну, шын мәнінде, шағымды қараудың соңғы сатысы», - деп толықтырды спикер.



Сонымен қатар, тұтынушыларға, бизнеске және мемлекеттік органдарға ыңғайлы болу үшін 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап e-tutynushy.kz шағымдарды қабылдау мен қараудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істей бастады.


Жүйенің мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың барлық шараларын бір жерде шоғырландыру, шағымдарды дайындау және оны құзыретті органдарға жіберу рәсімдерін жеңілдету және арзандату, сондай-ақ барлық өтініштер мен оларды қарау нәтижелерін цифрландыру болып табылады.



«Бұл жүйеде тұтынушы шағымды әртүрлі тәсілдермен, соның ішінде мобильді қосымша арқылы беруге мүмкіндігі бар. Тұтынушының ыңғайлылығы үшін жүйеде даудың нысанасына байланысты шағымдардың бірқатар үлгілік нысандарын орналастыру көзделеді. Сондай-ақ, тұтынушы қажет болған жағдайда жүйеде қоса берілген өз өкілінің тізбесін таңдай алады, сотқа дейінгі реттеудің қолданыстағы институттарының бірін таңдай алады немесе шағымды тікелей мемлекеттік органға жібере алады», - деп бөлісті Н. Бимұрзаев.



Сондай-ақ, жүйеде барлық мемлекеттік органдардың тізімі және оларды реттеу саласы көрсетілген, соның арқасында тұтынушы шағымды қайда жіберу керектігін бірден біледі. 


Қорытындылай келе, спикер бүгінгі күні ҚР Сауда және интеграция министрлігі шағымдарды қарау жобасын көп сатыдан екі сатылы тетікке ҚР Үкіметіне келісуге бағыттағанын, онда тұтынушы сатушыға сотқа дейінгі талап-арызды екінші кезеңмен жібергеннен кейін талап-арызбен соттарға жүгіне алатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тұтынушы #қаражат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.