ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы туристерді ұлттық тағамдар мен кәде-сыйлары...

Алматы туристерді ұлттық тағамдар мен кәде-сыйларымен қарсы алды

Алматы 21.03.2025, 14:37 689
Алматы туристерді ұлттық тағамдар мен кәде-сыйларымен қарсы алды
Алматы әкімдігі
2025 жылдың 21-23 наурыз аралығында Алматы қаласында Наурыз мерекесіне орай ерекше «Тәтті кәде-сый сыйлыққа» акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2025 жылдың 21-23 наурыз аралығында Алматы қаласында Наурыз мерекесіне орай ерекше «Тәтті кәде-сый сыйлыққа» акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл шара Алматы қаласының Туризм басқармасының, Алматы халықаралық әуежайының, Алматы шекаралық бақылау қызметі мен «Жетісу» кеден бекетінің бірлескен бастамасымен жүзеге асырылуда.

Акцияның негізгі мақсаты — қалаға келген шетелдік туристерге мерекелік көңіл-күй сыйлау және қазақ халқының қонақжайлығын көрсету. Осы шара аясында Алматыға келген шамамен 10 мыңға жуық шетелдік жолаушыға сый-құрмет көрсетіледі.

Акция барысында әрбір турист, Алматыға келіп қонғаннан кейін, халықаралық жолаушылар терминалындағы паспорттық бақылау мен кедендік тексеру аймақтарында ұлттық ою-өрнектермен безендірілген және көктемнің символдарымен нақышталған тәтті кәде-сый — ұлттық тәттілерін алады. Бұл іс-шара Қазақстанның бай мәдени мұрасын таныстыруға және Алматыға келген қонақтарда осы қала туралы жылы әрі жағымды естеліктер қалдыруға бағытталған.

Әуежайда сондай-ақ арнайы фотозона ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы баннерлермен безендірілді. 

Жолаушыларға қазақтың дәстүрлі киімдеріне (шапан) киініп, естелік суретке түсу мүмкіндігі беріледі. Әркім ұлттық киімде өзін қазақ халқының қонақжайлық дәстүрінің бір бөлшегі ретінде сезініп, ұмытылмас естеліктермен қалаға қошемет білдіреді.

Алматы — шетелдік туристер үшін Қазақстанның ең танымал қалаларының бірі. Қала елдің халықаралық туризм ағынының 52,3%-ын қабылдай отырып, өз тарихы, мәдениеті мен табиғатымен әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшылар үшін тартымды орталық болып қала береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.